фото: almaty.tv
Апшыны қуырған аптап ыстық адамдарды әбігерге салып жүр. Бойында түрлі дерті бар азаматтар үшін қиын. Тіпті, күннен күйік алып дәрігерге жүгініп жатқандар көп екен. Сынап бағаны 40 градустан асып тұрған осы күндері эндокринолог дәрігер Мадина Туашеваның кеңесіне құлақ түрсек.
Таңертен салқын душ қабылдау керек
– Аптап ыстықтың да адамға тигізер зияны қандай?
– Ауа райының күрт ысып кетуі кезінде қантамыр, жүрек, эндокрендік аурулармен тіркеуде тұрған науқастар үшін өте қауіпті болып келеді. Сол себептен тіркеуде тұрған науқастар ең алдымен дәрігер тағайындаған дәрілерін уақытылы ішіп тұрғандары дұрыс. Күн өту белгілеріне тоқталатын болсақ ол ең алдымен бастың айналуы, жүрек айнуы, адамның жүріс-тұрысының өзгеруі, жұмысқа деген белсенділіктің төмендеуі, жүрек соғысынң тежелуі және адам көз қарашығының ұлғаюы жатады. Дененің қызуы 42-45 градусқа дейін көтеріледі. Егер сізде осындай белгілер көрініп жатса ең алдымен дәрігерге жүгінгеніңіз дұрыс.
– Күннен күйік алған адамдардың да көбейіп жатқанын естіп жатырмыз. Аптап ыстықта ауырып қалмау үшін күннен қалай қорғану керек?
– Мен дәрігер ретінде таңертен тұрған уақытта салқын душ қабылдауды кеңес етемін. Күннің ыстығында мұздатылған су ішуге мүлдем болмайды. Себебі мұздаттылған су жүрекке және асқазанға тікелей әсер етеді. Газдалған алкоголды сусындары мүлдем тұтынуға болмайды, ол адамның бүйрек қызметіне кері әсер етеді. Тағамдарға тоқталатын болсақ майлы, қуырылған тағамдарды жеуге болмайды. Тек майсыз еттен, балықтан жасалған сорпалар, көкөніс жеміс-жидектер жеген абзал. Күннің осындай ыстығында денеге тырысып тұратын және синтетикалық матадан жасалған киімдерді кимеген дұрыс. Себебі синтетикалық матадан жасалған киім адам денесіне термостық әсер етеді де дененің одан әрі қызу процесін жоғарлатады.
Дереккөз almaty.tv. Фото almaty.tv
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через