Хоккейден ұлттық құрама топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Хоккейден ұлттық құрама топтағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді
фото: instagram.com/kazakhstanhockey

       Нидерланд Корольдігінің Херенвен қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасында ІІ дивизиондағы әлем бірінішілігі өтіп жатыр. 

       А тобына түскен Қазақстан құрамасы Түркияның қақпасына жауапсыз 6 шайба салып, ірі жеңіске жетті. Осының арқасында еліміздің хоккейшілері топтан шығу мүмкіндігін нығайта түсті.

       Айта кетейік, кешегі Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы 1-турдағы матч 0-4 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталған. Жалпы ІІ дивизионда Қытай, Латвия, Нидерланд, Ұлыбритания, Түркия мен Қазақстан қатысып жатыр.

       Қазақстан енді 18 қаңтарда Латвиямен, сосын Қытай және Нидерланд екеуімен бір күні (21 қаңтарда) ойнайды.

      Ақпарат көзі: Olympic.kz