“Хәрри Поттерден” өмірге пайдалы 5 кеңес

“Хәрри Поттерден” өмірге пайдалы 5 кеңес
фото: Bugin.kz / Айгерім Әділханова

"Хәрри Поттер” фильмі ағылшын жазушысы Дж.К.Роулингтің “Хәрри Поттер” атты кітабына негізделіп түсірілген. Bugin.kz порталы көпшіліктің көңілінен шыққан фильмдерден адам өміріне пайдалы 5 кеңесті ұсынады.  

1. "Бақытты ақшаға сатып ала алмайсың"

Дж.К.Роулинг бұл идеяны екі сиқырлы отбасының өмірін зерттеу арқылы дәлелдейді. Уизлилер өте қарапайым үйде тұрып, орташа тұрмыс жағдайында өмір сүреді. Балалары бір-бірінің киімін киюге мәжбүр болса, ата-анасы күнкөріс үшін керек дүниелерді әрең табады. Малфойлар, керісінше, сәнді киініп, өте кең әрі зәулім үйде тұрады. Балалары “не кием, не ішем” деп алаңдамай, қамсыз өмір сүреді.

Дегенмен Уизлидің шаңырағында әрқашан жайлы атмосфера салтанат құрып, отбасы мүшелері көңілді жүреді. Бір-біріне қамқорлық танытып, қолдау білдіреді. Ал Малфойлардың отбасында өзара түсіністік болмайды. “Қараңғы жол” Малфойларға шынымен сән-салтанат, байлық әкелді, бірақ оларды жылулық пен қуаныштан, отбасылық бақыттан айырды. Олар өздерінің қателігін дастанның соңында ғана түсінеді.

Әрине, материалдық әл-ауқат өмірді жақсарта алады. Бірақ нағыз бақытты ақшаға сатып ала алмайсың. Нағыз байлық – қолдау, қамқорлық, отбасындағы жылылық.

2. "Адамды басқаларға деген қарым қатынасынан таны"

Хәрри бұл өмірлік сабақты өзінің кіндік әкесі Сириус Блэктен үйренді. Ол: “Егер адамның шын мәнінде қандай екенін білгің келсе, оның өзіне тең адамдарға емес, өзінен төмен тұрған адамдарға қалай қарайтынына назар аудар”, - деп кеңес берген болатын.

Мәртебесі бойынша өзіне тең немесе жоғарырақ адамдармен сөйлескенде, адам сыпайы сөйлеп, өзін аса сабырлы ұстауы мүмкін. Бірақ оның шынайы келбетін өзінен төмен санайтын адамдарға деген қарым-қатынасынан көруге болады. 

3. "Кез келген мақсатқа жетуге болады"

“Феникс орденінде” атты бөлімде Джинни Уизли егіз інілер Фред және Джорджбен бір шаңырақ астында өмір сүру арқылы маңызды нәрсені үйренгенін мойындайды. “Бұл дүниеде мүмкін емес ештеңе жоқ. Кез келген нәрсе сіздің батылдығыңызға байланысты жүзеге асады” деген ұстанымға келеді.

Адам алдына мақсат қойып, соны орындау үшін шын талпынса, міндетті түрде дегеніне жетеді. Ең бастысы, табандылық пен тұрақтылық керек.

4. "Махаббаттан артық ештеңе жоқ"

Бұл идея “Хәрри Поттер” дастанында бастан-аяқ көрініс табады. “Ананың махаббаты” оны ұзақ жылдар бойы “Волан-де-Мортадан” қорғады. Серияның соңғы бөлімінде профессор Дамблдор тамаша сөз айтты: “Өлгендерді аяма, Хәрри. Тірілерді ая, әсіресе, махаббатсыз өмір сүретіндерді аяңдар”.

Махаббат әртүрлі формада болады. Бұл – тек сүю ғана емес, сонымен қатар адамға деген қамқорлық, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартуға деген ұмтылыс. Сүйіспеншілікті қабылдау және көрсету қабілеті әр күнді мағыналы етеді және күнделікті өмірге нұр береді.

Сүйе білген, сүйікті бола білген адам – ең бақытты адам.

5. "Сен ең қиын уақытта да бақытты бола аласың" 

Профессор Дамблдор “Азкабан тұтқынында” атты бөлімде: “Егер сіз жарыққа қарауды ұмытпасаңыз, қараңғы уақытта да бақытты табуға болады”, - деп кеңес береді.

Бүкіл дастан бойы кейіпкерлер айнала күйреп жатса да, дүниеге оң көзқарас пен үмітті сақтап қалады. Олар “Поттер сағаты” атты күлкілі радиошоуды ойлап табады. Бұл бағдарламаның жүргізушілері тек жаңалық айтып қана қоймай, тыңдармандардың көңіл күйін көтеретін әзілдер де айтады. Олар бір-біріне қолдау көрсету үшін Хогвартс тарихындағы ең қиын кезеңдердің бірінде “Дамблдор” армиясын құрады. Осылайша ең қиын кезеңдерде сынып кетпей, бірге жеңіске жетеді.

Bugin.kz