Қазақстанда халықаралық пәндік олимпиада, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ тапсырмастан, ЖОО-ға грантқа түсуге мүмкіндік алды.
Еліміздің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов халықаралық пәндік олимпиадалардың, спорттық және шығармашылық байқаулардың тізімін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Олардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бейіндік бағыттар бойынша еліміздің жоғары оқу орындарына грантқа түсе алады.
Бүгін білім және ғылым министрлігі бүкіләлемдік гимназиада-2022-нің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтау рәсімін өткізеді. Онда қазақстандық оқушылар 86 медаль жеңіп аоып, әлемнің 70-тен аса елінен келген қатарластарын артта қалдырып, үшінші орынды иеленді.
"Енді олар жоғары оқу орындарында оқуға бірінші болып грант алады. Жас таланттарды бұлай теңдессіз қолдау ел президентініің шешімінің арқасында мүмкін болып отыр", – деді министр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через