WhatsApp-тағы өзгеріс: хабарлама жазатындар нені білуі тиіс

WhatsApp-тағы өзгеріс: хабарлама жазатындар нені білуі тиіс

              WhatsApp мессенджерінде дыбыстық хабарлама жиі жіберетіндер үшін ыңғайлы опция іске қосылады.

              WABetainfo мәліметіне сәйкес, енді қолданушылар дыбыстық хабарлама жолдап жатқан кезде кідіріс жасай алады.

              Бұл функция хабарламаны бір хат түрінде жолдауға мүмкіндік береді, яғни ойды аяқтау үшін жаңа хабарлама жолдап әуре                болмайды. Бұл екінші тарапқа да тиімді болып отыр, себебі екінші адам да бір ғана хабарлама алады.

              Дыбыстық хабарламаны жазу интерфейсіне кідіріс түймесі қосылады, оны басқан кезде аудионы жазу бірден тоқтайды.

              WhatsApp дыбыстық хабарламасында кідіріс функциясы iOS қосымшасында тестілеу деңгейінде қолжетімді. Бұл функция Android үшін де әзірленіп жатыр.