Венесуэлада дағдарыс кітап дүкендеріне де әсер етті

Венесуэлада дағдарыс кітап дүкендеріне де әсер етті
фото: emilia-spanish.ru

Венесуэлада кітап дүкендері мен баспагерлер үшін ахуал қиындапты. Бұған ұзаққа созылған экономикалық дағдарыс пен инфляция себеп болғанын жақында БАҚ оқыдым. 

Венесуэлада он жыл бұрын кітап сатушылар мен баспагерлер гильдиясында 110 мүше болса, бүгінде олар 25-ке қысқарыпты. Жаңа кітаптар жарыққа шықпағалы көп болған. Үкіметтен оқулықтарды басып шығаруға 2018 жылдан бері тапсырыс беру тоқтаған. Дүкен сөрелерінде бұрын қолданыста болған кітаптар саудаға қойылды. Сатып алушылар да күрт азайған. 

Осындайда бұл мәселе біздің елде қалай шешілген? Қазақстан кітап шығару ісі жолға қойылған ба, кітаптар жақсы сатыла ма? деген сұрақтардың туындайтыны заңды. 

Халықаралық баспагерлер қауымдастығының мәліметі бойынша, дүниежүзінде кітап шығару ең табысты бизнестің бірі саналады. Шетелде кітап бизнесі кинодан да табысты кәсіп қатарында, деп жазды "Қызмет" басылымы. 30 жылдан атсам уақыттан бері отандық  нарығы қалай қалыптасты?

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының дерегіне қарағанда, елімізде 1 300-ден астам баспалар бар. Олардың басымы  жекеменшік баспа. Оның 70 пайызға жуығы жылына кем дегенде 5 (аталым) кітаптан шығарады.

Баспагерлер кітап саудасын дамытқысы келгенімен дүкен ғимаратын жалға алу,  сатушыға төлейтін ақы, т.б. шығындар бар. Өзін өзі ақтамайды. Оның үстіне қағаз, картон т.б. баспа өндірісінің материалдары шеттен келеді. Тым құрығанда желім, бояу, дәке, ине-жіп және т.б. қажетті заттарды шығаруға   болады ғой. Мұнай өндіреміз, бірақ оның қалдықтары химия өндірісі тауарларын шығара алмай отырмыз. Осыдан кейін баспа өндірісі қалай дамиды? Қазір қалың мұқабамен шыққан бір де бір кітап өзін өзі ақтамайды, өйткені оған көп күш керек. Мәселен, жай мұқабалы кітапты басу 4 процестен тұратын болса, қалың  мұқабалы кітап басу 20 процестен асып кетеді. Ал, мұның өнімнің құнына әсері болады. Оның үстіне  кітап таралымы құлдырап келе жатқандықтан, өнімнің(кітаптың) бағасы еселеп өсуде. (Баспа тәртібінде тиражы неғұрлым көп болса кітаптың құны арзан болады). Аз тиражбен шыққандықтан, материалы қымбат болғасын бағасы да қымбат,  ал оны тұтынушының қалтасы көтермейді.  Ғарифолла Әнес, «Арыс»  баспасының директоры

Жалпы, кез келген кітап таралымы 10 мың данадан асқанда ғана өзін өзі ақтайды екен. Ал, 100 мыңмен шықса авторға да, баспаға да пайда әкеледі. Кеңестік кезеңде кітап ең алдымен идеологиялық құрал болды. Ол кезде баспалар өзін өзі ақтады, тіпті бір баспа бір ауданның  бюджетін ұстап тұрған болатын. Қазір Қазақстанда кітапқа идеологиялық құрал ретінде де, тауар ретінде қарамайды.

Кітап басу, тарату ісімен айналысатын арнайы жүйе жоқ. Баспаның барлығы жекеменшікте. Олардың қызметін үкімет тарапынан реттейтін ешқандай құрылым жоқ. Жыл сайын тендер өтеді. Бірақ қаржы бөлуде ашықтық жоқ. Мемлекеттік тапсырыспен қай баспа қандай кітаптар шығарды соның есебі жариялануы керек деп ойлаймын. Министрліктің сайтында барлық ақпарат тұруы тиіс.  Жалпы, мемтапсырыспен тек   мемлекеттік саясатқа қатысты кітаптар ғана шығарылуы керек, басқасының барлығы нарық талабына бағынуы тиіс, дейді  «Арыс»  баспасының директоры Ғарифолла Әнес. 

Өкінішке қарай, бүгінгі таңда баспалардың жағдайы ешкімді ойландырмай отыр.  Егер оқулық шықпаса, еліміздегі баспалар мен баспаханалардың барлығы жабылып қалар еді. Көркем әдебиет оқулықтың арқасында ғана шығып жатыр. Сондықтан бұл мәселеге кешенді көзқарас керек. Кітап индустриясын   заманауи тұрғыда, нарық талаптарына сай  дамыту қажет.  Кітап өндірісін де дамыту керек.

Кітап оқитын ұрпақты қалыптастыруымыз керек. Оны отбасынан бастау керек. Балалар білмекке құштар келеді. Ата анасына көп сұрақ қойып жатады. Сол кезде баланы ол сұрақтың жауабын кітаптан табамыз балам деп, кітапты парақтатып үйретсе баланың оқуға қызығушылығы оянады. Кітапқа жүгіну, кітаптан көмек сұрауға дағдылануға үйренудің өзі оқу мәдениетінің баспалдағы болар еді.