фото: baribar.kz
Вейп шынымен темекіге қарағанда қауіпті ме?
Техникалық тұрғыдан алғанда, вейп аккумулятордан және буландырғыштан тұратын электронды темекі. Батарея электр тоғын тудырады. Буландырғышта қыздыратын құрылғы бар, ол тоқ әсерінен сұйықтықты буға айналдырады.
Булану сұйықтығының компоненттеріне не кіреді?
Пропиленгликоль. Ол суды сақтайтын компонент ретінде жұмыс істейді. Консервативті және бактерицидтік әсерге ие. Темекі мен темекі өнімдерінде ылғалды сақтауға көмектеседі. Пропиленгликоль сұйықтықтың негізін құрайды, басқа компоненттерді ерітеді. Сонымен қатар, вейптегі ең маңызды нәрсе.
Глицерин. Сондай-ақ E422 азық-түлік индексі бар. Вейптерде ол бу үшін жауап береді. Таза глицеринде сұйықтық жасалмайды. Ол тек пропиленгликольмен бірге жүреді.
Никотин. Темекі құрамында бар зат. Ол тәуелділікті қалыптастырады.
Хош иіс шығаратын арнайы тағамдық қоспалар бар.
Оны темекімен салыстырғанда қауіпті деп дөп басып айту қиын. Өйткені, зерттеу жұмыстары әлі де жүрі жатыр. Дегенмен дәлелденген қаупі бар:
— бу (техникалық тұрғыдан аэрозоль) ауаны ластайды;
— вейптен никотиннің үлкен дозасын пассивті түрде алуға болады;
— вейптен улы заттар бөлінеді. Соның шініде акролеин және формальдегидті атап айтуға болады. Одан бөлек ауыр металдар да шығады;
— Қаптамасы жарылуы мүмкін. Өкінішке қарай, бұндай жағдайлар болған. Сондықтан батарея орамасының зақымдалғанын көрсеңіз, оларды пайдаланбаңыз;
— Егер вейп сұйықтығын ішке өтсе, адам уланып қалуы мүмкін.
Жартылай дәлелденген қаупі:
— қан қысымын көтереді;
— демікпе және жөтел мен кеудедег сырылдар өршиді;
— вейптің пассивті әсері темекіге қарағанда төмен.
Әлі дәлелденбеген қаупі:
— онкология туындауы мүмкін;
— мутагендік әсер және ДНҚ зақымдануы;
— жүкті әйелдер мен ұрыққа әсері;
— жүрек-тамыр жүйесі ауруларына әсері.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через