Вакцина вирус жұқтырмаудың кепілі бола ала ма ?

Вакцина вирус  жұқтырмаудың  кепілі бола ала ма ?

Вакцина   вирус   жұқтырмаудың  кепілі  бола  ала ма ?

Коронавирус   эпидемиясы   өткен    жылы   басталса  да,  оның   ғылымға   да,   адамзатқа беймәлім     тұстары   көп.    Қытай   коронавирустың   тарап  жатқанын   Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау   ұйымына  2019   жылы   желтоқсан   айының  аяғында   хабарлады.    Сол   кезде  қауіпті  инфекция    пневмонияның   жаңа  штаммы  болуы  мүмкін  деп  те  сипатталды.  Арада  екі  апта  өткенде  Қытай  ғалымдары  вирустың  шығу  тегін  анықтаса,  11  айдан  соң, оған  қарсы  вакцина   шығара  бастады.  Бұған  дейін   бірде-бір   екпе мұнша   жедел   жасалмаған  екен.   Бір  жылда  жер шарында  81 млн-нан  астам  адамға  жұғып, 1,7 миллион  адамның  өмірін  жалмаған COVID-19  турасында   білмейтініміз  әлі  де  көп. Жер жаһанды    жалмаған   аждаһа   ауруға   қарсы   әлем   елдері  аз  уақыттың  ішінде  жарыса  вакцина  жасап  шығарды.

Бұл  төңіректе түрлі пікірлер айтылуда. Аурудың   қандай  сырқатпен  ауыратын  адамдарға  қауіпті екендігі  нақты  айтылды.  Иммунитеті   мықты  адам  ауруды  жеңеді  мыс. Алайда  ол  иммунитет  қашанға  дейін   жетеді?  Бір  ауырған   адамның  екінші   мәрте  ол   вирусты жұқтырмайтындығына  кім   кепіл.   Өткен   жылдың  тамыз   айында  Гонконг   университетінің ғалымдары  4   жарым  ай  бұрын  коронавирустан   емделген  33   жастағы   азаматтың   осы инфекцияны    қайта    жұқтырғанын    хабарлады.  Зерттеулерге   қарағанда,  бұл – өте  сирек кездесетін  оқиға,  ал  бір   мәрте    ауырғандардың   99   пайызы   жарты   жылға   дейін коронавирусты    екінші    рет   жұқтырмауы  мүмкін   деп  дәлелдеп  бағуда.  

Бүгінгі   адамзатты  "пандемия  қашан   аяқталады?",-деген   сұрақ  мазалауда.  Әлем   жұртшылығы қазір    вакцинаға    зор   үміт   артып   отыр.  Бірақ   сол   екпелер   проблеманы  тез  шеше  ала  ма? Жер   шары   тұрғындарының    басым   бөлігін  вакциналау   үшін   бірнеше   жылдар  кетуі  мүмкін. Бұған  қоса, кейінгі   кездері   дүниежүзінде   жүргізілген   сауалнамаларға  қарағанда,  адамзат түгелдей  екпе   салдыруға  келіспейді.   Вакцина   коронавирустан   100   пайыз   қорғайды   дегенге   сенбейді .    Бүкіл   әлем   иммундалғанымен    вируспен   бәрібір   бірге  өмір  сүруге  тура келеді екен.    Адамзат   тарихында    індет   біткеннің   барлығы  екпе     салынған   соң   мүлдем  жойылып   кеткен   емес .  Ал   короновирустың    екпеден   кейін  жойылып   кетуі   екі   талай деген  күмән  бар.  Дәл  қазіргі  деректерге  сүйенсек,  екпе   салдырған  адамдардың  өзі  вирусты жұқтырғандығы   туралы   ақпараттар   жетерлік.

Германияда  сегіз миллионнан астам адам толық вакцинациядан өтіпті. Олардың 13000-ы коронавирусқа  оң  нәтиже  берген.

Б. Эрлин (dpa) - Германияда 13000-ға жуық толық вакцинацияланған адамдар корона вирусына оң сынақтан өтті. Сегіз  миллионнан астам қайталанған вакцинациямен бұл шамамен 0,16 пайызға сәйкес  келеді.  Алайда, аурудың вакцинациядан толық қорғаумен, яғни екінші вакцинациядан 14 күн өткен соң немесе одан бірнеше күн бұрын пайда болғандығы белгісіз, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі. Вакцинация көптеген жағдайларда коронавирустық инфекцияның алдын алады, бірақ жүз пайыз емес. Сондай-ақ, толық қорғаныс жасау үшін денеге екінші вакцинациядан кейін шамамен екі апта кетеді деп болжанады.

Денсаулық  сақтау  министрлігінің   мәліметінше, алғашқы  вакцинациядан  кейін шамамен 44000 covid-19  оқиғасы  тіркелген. Алғаш  рет 28,5  миллионнан  астам  вакцинациямен  бұл  шамамен 0,15 пайызға  сәйкес  келеді. Екі  рет вакцинацияланған 662 және бір рет вакцинацияланған 2000-ға жуық адам қайтыс  болды.

Ал  біздің   елдегі   жағдай   қандай?   Біздің   елде  де  вакцина  қабылдауға  100  пайыз    халық қуана  келісім  беріп  отырған  жоқ.   Көкейде    тұрған   мың  сұрақ .   Өткен   аптада    ғана Қазақстанда  Covid-19   вакцинасының  екі   компонентін  алған   44   адам   коронавирус    жұқтырды   деп   хабарланды.  Сарапшы   инфекцияның   себебі   иммунитет   қалыптаспаған   деп атады. Қазақстанда   Cavid - 19   вакцинасының  екі   дозасын  алған  44   адам  коронавирус жұқтырды, деп   хабарлады ҚР  ДСМ  ҚДСҰО  "санитарлық-эпидемиологиялық  сараптама  және мониторинг   ғылыми-практикалық   орталығы" филиалы  директорының   орынбасары  Манар Смағұл.

"ИЯ, мұндай   жағдайлар  тіркеледі. Бірінші және екінші компонентті алғаннан кейін Covid-19 жағдайларын тіркеу бар. Бұл иммунитеттің әлі қалыптаспауына байланысты",-деді Манар Смағұл баспасөз мәслихатында. Алдымен спикер вакцинациядан кейін науқастардың саны туралы мәліметтер жоқ екенін атап өтті, бірақ біраз уақыттан кейін бұл көрсеткішті атады.

"Қазір мен бұл санды алдым: Қазақстан Республикасында екінші компонентті алғаннан кейін барлығы 44 адам ауырып қалды. Бұл ресми", - деді Манар Смағұл.

 Сонда вакцина қабылдаған  адамдардың  өзі   қайталап   вирус    жұқтырып   жатқан   жағдайда   ол   вакцинаны  қабылдаудың    қажеттілігі   туындай ма? Әлде   пандемиядан   қорғанудың жаңаша   амалдары  бар  ма? Сіз  қалай  ойлайсыз   оқырман?  Қайтсек  бұл    індеттен   құтылуға  болады?

Дерек көзі:

https://www.mk.ru/daily/newspaper/https://informburo.kz/