«Үздік педагог-2022» байқауына қатысуға еліміздің әр өңірінен 5 мыңнан астам мұғалім мен тәрбиеші өтінім жолдады.
Бүгінгі таңда ең белсенді қатысушылар Алматы мен Ақмола облысынан.
Биыл өтініштерді қабылдау тәртібі автоматтандырылып, ашық өтіп жатқанын айта кетейік. Барлық кезеңді цифрландырудың арқасында байқауға деген сенім артып, өтінімдер саны рекордтық көрсеткішке жетті.
Конкурсқа балабақша, мектеп пен колледждің штатында жұмыс істейтін педагогтер қатысып жатыр. Жеңімпаздар 3 млн теңге көлемінде сыйақы алады. Былтыр еліміздің әр өңірінен 64 мұғалімнің әрқайсысы 3 млн теңгеден иеленген болатын.
Бүгінгі таңда https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталында байқаудың бірінші және екінші кезеңіне қатысу үшін 5,5 мыңға жуық мұғалім тіркелді. Екінші, яғни облыстық кезеңге құжат қабылдау жалғасып жатыр. Ол 30 қыркүйекте аяқталады. Биыл байқауға қатысатын әр мұғалім сауалнаманы толтырғаннан кейін байқаудың одан арғы динамикасын бақылай алады, яғни қатысушылардың қай кезеңде екенін, сарапшылар қандай ұпай бергенін бақылай алады. Бұл тәсіл барлық кезеңде байқаудың ашықтығын қамтамасыз етеді, - дейді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.
«Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары 3 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықпен қатар төсбелгілерге де ие болады. https://teachercontest.iac.kz/ веб-порталы арқылы өтінім беруден бастап конкурс құжаттарын жүктеуге және барлық кезеңдегі ұпайларды бақылауға болады.
Байқау ережелері туралы қосымша ақпарат Оқу-ағарту министрлігінің сайтында бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через