Ұстазға сыйлық жасаудың заңдылығы қандай?

Ұстазға сыйлық жасаудың заңдылығы қандай?

              Қазан айының алғашқы жексенбісі «Мұғалімдер күні»  болып аталып өтіледі. Биылғы жексенбі 3 қазанға сәйкес келіп тұр. Көптеген әлеуметтік  желілерде  ұстазына жасаған сыйлықты мұғалім қабыл алса,  жемқорлық болып санала ма деген пікір талқыға түсті. Білім және ғылыми министрлігі мұғалімдерге сыйлық жасаудың заңдылығына қатысты ресми түсініктеме берді.

              Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, заң тұрғысында мұғалімдерге сыйлық жасауға тыйым салынбаған. Өйткені, ұстаздар мемлекеттік қызметкер емес. Сонымен қатар, биыл мамыр айында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов педагог қауымға құрмет көрсетіп, гүл шоғын сыйлау сыбайлас жемқорлық қаупіне жатпайтынын алға тартқан болатын. "Қоғамда ұстаздарға гүл сыйлау жемқорлықтың белгісі деген пікір бар. Біз онымен келіспейміз.

              Осы орайда алдымен қандай жағдайда жемқорлық болып саналатынын анықтап алған жөн. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршін ұстазына құрмет көрсетіп, гүл сыйласа, ол - жемқорлық емес", - деген еді министр БАҚ-қа берген сұхбатында. Одан бөлек, ведомство басшысы білім ошақтарында педагогикалық әдеп сақталуы керектігін алға тартып, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігін қатаң ескертті. Ол дегеніміз - мектеп қабырғасында түрлі сылтаумен ұстаздардан ақша жинамау керек немесе басшылыққа қымбат сыйлық жасау деген секілді дүниелерден аулақ болу керек деген сөз. Еске сала кетсек, өткен жылдан бастап елімізде мемлекеттік қызметкерге сыйлық жасауға және оны алуға толық тыйым салынады.