Үш торай

Үш торай

   Өмірдің қарапайым қағидалары – бір-бірімізге көмектесу, қиын кездерде қолдау көрсету, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруден тұрады.

   Қойылым кейіпкерлері – үш торай, қыста суықта пана болатын баспана тұрғызады.

   Күлегеш, қамсыз Ниф-Ниф пен Нуф-Нуф тұрғызған баспаналары берік болмай, қасқырдан қорған бола алмады. Ал, ерінбей еңбектеніп тұрғызған Наф-Нафтың баспанасы, қасқырдан қашқан екі бауырына да пана болды. Өз қателіктерін түсінген олар бауырларынан кешірім сұрайды. Екеуін кешірген Наф-Наф жаңа баспанада бірге тұруға рұқсат береді.

   Адамдар әркез бір-біріне мейрімділік танытып, қиын кездерде қол ұшын беруден аянбағаны абзал.