Спорт

Бөлісу

Универсиадада қазақстандық шаңғышылар қола жүлдеге ие болды

Универсиадада қазақстандық шаңғышылар қола жүлдеге ие болды

Әйелдер арасындағы шаңғы жарысында отандастарымыз үшінші орын алды

АҚШ-та өтіп жатқан ХХХ Қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына қола жүлде түсті. 

Әйелдер арасындағы командалық шаңғы жарысында (3х5км) отандастарымыз үшінші орын алды. Ел намысын Айша Ракишева, Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина абыроймен қорғады.

Универсиада алтынын Финляндия құрамасы жеңсе, күміс жүлде Норвегияға бұйырды.

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 2 қола жүлде бар.

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через