2023 жылғы қысқы Универсиадада екінші алтын жүлдені еншісіне жазғаннан кейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді.
Дүбірлі дода АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатыр. 12 қаңтарда басталған Универсиада 22 қаңтар күні мәресіне жетеді.
Алғашқы алтын медальді биатлоншы Вадим Куралес салса, бүгін шаңғымен трамплиннен секіруден Данил Васильев чемпион атанды.
Осылайша ел құрамасы екі алтыннан кейін медальдар кестесінде 6-орынға көтерілді. Бұдан бұрын құрама 10-орында тұрған еді.
Көш басында Жапония 17 (9-6-2) медальмен келе жатса, одан кейінгі орындардағы Францияның – 9 (2-3-4), Чехияның 5 (2-1-2) медалі бар. Испания 4 (2-1-1) жүлдемен – төртінші, Канада 5 (2-0-3) жүлдемен бесінші сатыда тұр.
Қазірге дейін барлығы 20 құрама медаль алды.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: orient.tm
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через