фото: pixabay.com
Үндістанда үнділік миллиардердің кенже ұлы, 28 жастағы Анант Амбанидің үйлену алдындағы үш күндік сауық кеші өтіп жатыр. Танымал әнші Рианна өнер көрсеткен концерттік іс-шарада өзге де сыйлы қонақтар мен миллиардерлер болды. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап жазды.
Күйеу жігіттің әкесі Мукеш Амбани - Reliance Anil Dhirubhai Ambani Group компаниясының иесі, Үндістан мен Азиядағы ең дәулетті адам. Forbes нұсқасы бойынша, ол әлемдегі ең бай адамдар арасында 9-орында тұр және оның дәулеті 117 млрд долларға бағаланып отыр.
Үш күнге созылатын мерекеге Хиллари Клинтон, Билл Гейтс, Марк Цукерберг, Иванка Трамп және басқа да танымал тұлғаларды қосқанда 1 200-ден мейман шақырылған. Қонақтардың алдында Рианна бастаған әлем жұлдыздары өнер көрсетті.
Бұл кеште әйгілі аспаздар 2 500-ге жуық тағам түрін дайындады. Сондай-ақ оларға тоғыз беттік дресс-код ұсынылды.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, отбасы бұл айтулы іс-шараға 151,6 млн доллар (257,8 млн теңге – ред.) жұмсаған.
Айта кетейік, бұл – үйлену тойына дейінгі рәсім, үйлену тойының өзі шілде айында болады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через