"UMAI" ұлттық сыйлығының жүлде қоры 54 млн теңге

"UMAI" ұлттық сыйлығының жүлде қоры 54 млн теңге

Аталған сыйлық елімізде тұңғыш рет тағайындалып отыр.

Отандық мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылық жетістіктерін таныту, дамыту және насихаттау мақсатымен Қазақстан Республикасының өнер саласындағы Umai ұлттық сыйлығы тағайындалды.

Бұл сыйлық Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен жекелеген өнер қайраткерлеріне елеулі шығармашылық табыстары мен кәсіби жетістіктері үшін «Театр өнері», «Музыкалық орындаушылық өнер», «Хореографиялық өнер», «Театрдағы бейнелеу өнері» сияқты 4 номинация бойынша 19 премия табыс етіледі.

Сыйлықтың жалпы жүлде қоры 54 млн теңге. Оның ішінде 2022 жыл Балалар жылы болғандықтан, сыйлық аясында «Үздік балалар спектаклі» деген арнайы жүлде тағайындалып отыр.

Дереккөз Қазақпарат. Фото madeniportal.kz