фото: https://argymaq.kz
Қазақстанда төл спорт түрлері бойынша қыз-келіншектер ұлттық құрама сапында табысты өнер көрсетіп жүр.
Мәселен, тоғызқұмалақ, садақ ату, асық ойыны мен жамбы атудан байрақты бәсекелерде 170-ке жуық аруымыз ел намысын қорғайды. Ал ел ішіндегі турнирлерге тұрақты қатысып жүргендердің қатары бұдан да көп. Соның ішінде тоғызқұмалақтан 700, садақ атудан 500-ге жуық, асық ойынынан 400-дей, ал жамбы ату мен құсбегіліктен 20-дан астам қыз бақ сынап жүр.
Ұлттық спорттағы әйелдер
Тоғызқұмалақ - 725
Садақ Ату - 469
Асық Ойыны - 420
Жамбы Ату - 18
Құсбегілік - 4
Ұлттық спортты серік еткен қазақстандық қыз-келіншектер арасында халықаралық додалардың чемпиондары бар. Атап айтқанда, тоғызқұмалақтан 6 әлем чемпионы шықты. Оның ішінде Әсел Далиева 10 дүркін, Гүлжанат Алдабергенова мен Лина Карімова 2 дүркін жеңімпаз атанды. Ал асық атудан әлем кубогының 7 жеңімпазы, Азияның 9 чемпионы бар. Сонымен қатар, әйелдер спорт саласының басшылық құрамында да қызмет атқарады. Мысалы, Садақ ату және Құсбегілік федерацияларының басшылығында 4 әйел жұмыс істейді.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через