Күз неғұрлым жаңбырлы болса, адамды соғұрлым күндізгі ұйқы қысады. Сеченов университетінің ұйқы медицинасы бөлімінің меңгерушісі Михаил Полуэктов бұл жағдайды реттеудің үш жолын ұсынды.
Егер ұйқышылдық ұйқының бұзылуына немесе кез келген аурумен байланысты болмаса, кофе көмектеседі, дейді дәрігер.
"Күндіз ұйқы қысса, одан арылуға кофеин көмектеседі. Ол адам, тышқан, тарақан, тіпті, балықтарға да әсер етеді. Ол барлық тіршілік иесінің бойында ұйқышылдықты төмендететін химиялық зат", - деді Полэктов.
Ал ұйқы қысу бірнеше күнге жалғасса, онда ұйқы режимін өзгертуі керек.
"Түнде кем дегенде жеті сағат ұйықтаудан бастау керек", - деді ол.
Үшінші жолы – адам жеткілікті ұйықтаса да, күндізгі ұйқышылдық сақталады. Мұндай жағдайда дәрігермен кеңесу қажет. Дәрігердің айтуынша, ұйқышылдық күзде жиі кездесетін психикалық бұзылуды көрсетуі мүмкін.
"Күйзеліс – өте кең таралған жағдай, ол адамдардың 10%-інде кездесуі мүмкін. Күйзеліс кей жағдайда әлсіздік арқылы көрінуі мүмкін, кей адам оны елемей, тек ұйқы қысып тұр деп ойлайды. Күн сәулесінің жетіспеуі ұйқышылдық күйзелістіктің бір түрі ретінде асқынуына ықпал етуі мүмкін", - деп түсіндірді Полуэктов
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через