Ипотекаға қатысты маңызды 10 сұраққа жауап
Ипотекаға үй сатып алу үшін несиенің ай сайынғы төлем сомасы табыстың 50%-ынан аспауы керек.
Қазақстанда ипотеканы екінші деңгейлі онға жуық коммерциялық банк пен мемлекет қатысатын "Отбасы банкі" береді. Екінші деңгейлі банктердің сыйақы мөлшерлемелері (ЖТСМ) 17,5%-дан басталады. Ал "Отбасы банк" ең төменгі мөлшерлемені ұсынады. Қазақстанда ипотекаға үй алу үшін қанша ақша табу керек? Алғашқы жарнаны жинауға қанша уақыт кетеді?
№1. Қазақстанда қанша банк ипотека береді?
- Қазақстанның Халық банкі;
- Банк ЦентрКредит;
- Bank RBK;
- Freedom Bank;
- Нұрбанк;
- Altyn Bank;
- ForteBank;
- Қазақстандағы Қытай Банкі;
- Шинхан Банк Қазақстан;
- "Отбасы банк".
№2. Нарықтық ипотеканы алу үшін ай сайын қанша ақша табу керек?
Барлық несие бойынша жалпы төлем сомасы табыстың 50%-ынан аспауы керек. Мысалы, ипотека бойынша төлем 200 мың теңге болса ай сайын кемінде 400 мың теңге табуыңыз қажет.
Қарызды рәсімдеу үшін төлем қабілеттілігін растау міндетті. Төлем қабілеттілігін растау үшін соңғы 6 айдан кем емес кезең үшін табысты растау талап етіледі. Тұрғын үй қарызын рәсімдей кезінде қарыз алушының төлем қабілеттілігі жинақ туралы келісімшарттың барлық талаптарын орындаған кезде жеткілікті болып есептеледі.
№3. Ипотеканы рәсімдеуге қандай құжаттар қажет?
Негізгі құжаттар:
- жеке куәлік/паспорт;
- кірісі және соңғы алты айтағы зейнетақы аударымдары туралы анықтама;
- бағалау туралы есеп, сатып алатын мүліктің құжаттары.
Әр банк қосымша құжаттар сұрайды.
№4. Ипотека қай жасқа дейін беріледі?
Зейнетке шыққанша, яғни 63 жасқа дейін беріледі. Ал "Отбас банкте" кәмелет жасқа толмаған баланың атына да депозит ашып, ақша жинауға болады.
№5. "Отбасы банкте" депозитте қалай ақша жинау керек?
"Отбасы банк" – мемлекет қатысатын банк, бұрынғы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі". Ипотеканы төмен мөлшерлемемен (жылдық 3,5–8%) береді, бірақ оны алу үшін депозитте үш жылдық жинағыңыз болуы қажет.
Ипотека мөлшерлемесі төмен болсын десеңіз депозитті тұрақты түрд толтырып тұрған жөн. Кемінде ай сайын 7,5 мың теңге салу қажет. Депозитті қаншалықты тұрақты түрде толтырсаңыз бұл несие мерзімі мен сыйақы мөлшерлемесіне әсер етеді.
№6. "Отбасы банк" арқылы қалай ипотека алуға болады?
- Бірінші жолы – депозит ашып, оны ай сайын толтырып отыру. Мақсат – пәтер құнының 50%-ын, яғни жарты бағасын жинау. Бұған кемінде үш жыл беріледі, одан көп мерзімде салым салуға болады. Үзбей жинайтын болсаңыз жылына 3,5-5 пайыздық тұрғын үй несиесін ала аласыз. Сыйақы тек қарыз сомасына есептеледі.
- Екінші жолы – пәтер құнының жарты сомасын алып баннке келіп, бірден 8-8,5 пайыздық аралық несие алу. Банк сыйақыны несие сомасына ғана емес, пәтердің барлық құнына есептейді. Бірнеше жылдан кейін қарыз тұрғын үйге өтіп, переводят на жилищный, мөлшерлеме төмендейді. Төлемдер 3,5-5% мөлшерлемемен қайта есептеледі.
№7. Тұрғын үй қарызын өтеу үшін қанша табу керек?
Мысалы, үй 20 миллион теңге болса, сіз оның жартысын кемінде үш жылда жинап бітуіңіз керек. Жинақта 10 миллион теңгеңіз бар. Үш жылда бұл соманы тұрақты түрде жинай үшін ай сайын депозитке 278 мың теңге салып отыруыңыз керек. Қалған 10 миллион теңге мен үстіндегі мөлшерлемені 3 жыл 6 айда ай сайын банкке 260 мың теңге төлейсіз. Артық төлем – 921 мың теңге. Ал қарызды 6 жылға алсаңыз ай сайынғы төлем – 161 мың теңге. Артық төлем – 1,6 млн теңге.
№8. Аралық қарыздың ай сайынғы төлемі қанша шығады?
Аралық қарыз мөлшерлемесі әртүрлі – 7,5-8,5 пайыз аралығында. Аралық қарызды өтеп біткеннен кейін тұрғын үй қарызы 4,8 пайыздық мөлшерлеме. Тарифтер "Стандарт", "Жеңіл", "Жеңіл-2" деп бөлінеді. 7,5%-бен алсаңыз аралық қарыз бойынша 28 айға ай сайынғы төлем 148 мың теңге, тұрғын үй қарызы бойынша 80 айға ай сайынғы төлем 146 мың теңгеден. Артық төлем – 5,2 млн теңге.
8%-бен алсаңыз аралық қарыз бойынша 28 айға ай сайынғы төлем 144 мың теңге, тұрғын үй қарызы бойынша 80 айға ай сайынғы төлем 143 мың теңгеден. Артық төлем – 5,4 млн теңге.
№9. "Отбасы банктің" артықшылығы неде?
"Отбасы банкте" несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 8%-дан аспайды және бұл тұрғын үйдің бағасына есептеледі. Жыл сайын банк жинақ сомасының 2%-ын сыйақы ретінде береді, ал мемлекеттің сыйлықақысы – 20%. Сыйлықақы жинақтың барлық сомасына емес, 200 АЕК аспайтын мөлшеріне есептеледі. 2022 жылы 1 АЕК – 3 180 теңге. Сыйлықақы есептелетін жинақ сомасы 636 мың теңгені құрайды. 2023 жылы қаңтар-ақпанда сол сомаға 127,2 мың теңге есептеліп, жинаққа аударылады.
Банк арқылы жаңа салынған үйді де, қолданыстағы үйді де сатып алуға болады. Сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша да төменгі мөлшерлемемен несие береді, бірақ мұндай бағдарламалар белгілі бір санаттағы адамдарға арналған. Тұрғын үй бағдарламаларына қатысатын болсаңыз алғашқы жарна мөлшері 10%-дан басталады
№10. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының мөлшерлемесі қандай?
Қазақстанда қазір онға жуық мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бар. Олар:
- "Бақытты отбасы" жылдық мөлшерлеме – 2%;
- "Шаңырақ» – 5%;
- "Нұрлы жер" – 5 %;
- "7-20-25" – 7 %;
- "Алматы жастары", "Елорда жастары" және "Әулиеата жастары" – 5%;
- әскери қызметшілерге арналған "Әскери баспана" – 6-8 %.
Бұл бағдарламаларға қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар:
- отбасы мүшелерінің иелігінде жылжымайтын мүліктің болмауы;
- кей бағдарламаларда әкімдік кезегінде тұру;
- әр бағдарламаға қатысу үшін белгілі бір кіріс көзі талап етіледі.
Ақпарат дереккөзі: Informburo.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через