ҰБТ: Квота кімдерге беріледі?

ҰБТ: Квота кімдерге беріледі?

     Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директоры Әділет Тойбаев мемлекеттік гранттар квота бойынша қалай бөлінетінін түсіндірді.

     Оқуға түсуге арналған жеңілдіктер, квоталар туралы толық ақпарат бересіз бе? Олар қалай бөлінеді? Мысалы, ауылдық, әлеуметтік осал топқа арналған және қандастар квотасы. Қандай да бір өзгерістер бар ма? – деп сұрады журналистер БҒМ өкілдерінен.

Бізде негізгі 9 квота бар, - деп жауап берді ол.

Тойбаев квоталарға жеке тоқталып өтті.

Олар:

1. Көпбалалы отбасыларға – 5%-дық квота;

2. Толық емес отбасыларға - 1%-дық квота;

3. Бала кезінен мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға - 1%-дық квота;

4. Қандастарға - 4%-дық квота;

5. Жетім балаларға - 1%-дық квота;

6. Ұлы Отан соғысына қатысушыларының және мүмкіндіктеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5%-дық квота;

7. Ауыл жастарына - 30%-дық квота;

8. «Серпін» бағдарламасы бойынша - 10%-дық квота;

9. Мүгедектігі бар балалар үшін - 1%-дық квота.

     Бұл квоталар бойынша ешқандай өзгерістер жоқ. Бірінші кезекте осы топтардан шыққан балалар үшін гранттар беріледі. Мысалы, былтыр және алдыңғы жылдары жетім балалар санатындағы барлық балаға грант берілді. Биыл да осы бағытта жұмысты жалғастырамыз, - деп түсіндірді Әділет Тойбаев.

     Ақпарат дереккөзі