Түркістандық азамат брендтік кір жуу ұнтақтарын қолдан жасаған

Түркістандық  азамат  брендтік  кір  жуу  ұнтақтарын  қолдан  жасаған

Түркістандық  азамат  брендтік  кір  жуу  ұнтақтарын  қолдан  жасаған

Түркістан қаласының тұрғынынан жалған кір жуғыш ұнтақтардың ірі партиясы тәркіленді.

Ер адам жасырын цехта белгілі маркалы кір жуатын ұнтақтарды қолдан жасаған. Сондай-ақ,  қаптамалар мен 2 мың келіден астам шикізат тәркіленді. 

Оңтүстіктің тұрғыны Өзбекстаннан арзан ұнтақ сатып алып, ас тұзын қосып, осы қоспаны толтырып, қала тұрғындарына сатқан. Ол белгілі брендтердің аты жазылған полиэтилен пакеттерінің дәл көшірмелерін жасаған.  Қазірдің өзінде 500-ден астам пакетті қолдан жасап үлгерген. 

Түркістан қаласының тұрғыны сауда белгісі иелік ететін компанияға зиянын тигізген. Сот оны компанияға 6 миллион теңге көлемінде шығынды өтеуге міндеттеді.

Мәтіндегі ақпарат туралы

Дана Русланқызы