Түркістанда тұңғыш рет қазақ күресінен «Тұран Барысы» Азия Кубогы өтеді

Түркістанда тұңғыш рет қазақ күресінен «Тұран Барысы» Азия Кубогы өтеді

29 қазанда Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Тұран Барысы» Азия Кубогы өтеді.

Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады.

Кубок «командалық бетпе-бет» олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.

Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдесетін болады.

Тікелей эфир Qazsport,  TRT Avaz телеарналарынан көрсетіледі.

Фото: fotosportalmaty.blogspot.com