Түркіменстанда Жаңа жыл тойланбауы мүмкін

Түркіменстанда Жаңа жыл тойланбауы мүмкін
фото: bugin.kz

     Түркіменстанда жаңа жыл мерекесі тойланбауы мүмкін.

"Хроники Туркменистана" басылымының хабарлауынша, Түркіменстанда жаңа жыл мерекесін тойлауға қарсылықтар көбейген.

Имамдар мешітке келушілерге "мұсылмандарға жат мерекені атап өтпеуді" уағыздаса,  базарларда шошқа етінің сатылымы шектелген. Ал алкогольді сусындар тек 22:00-ге дейін саудаланып жатыр.

Түркіменстан астанасы Ашхабадта ресми шыршалар тек үш жерде орнатылған. Ал өзге ғимараттардың алдындағы безендірілген шыршалар алынуда.

Дегенмен биліктің шектеулеріне қарамастан, Түркіменстан халқы мерекеге дайындалуда.

Adyrna.kz