фото: pixabay.com
Түркияның Дүзже қаласында қоқыс жәшігінен жылқы сүйектері табылды. Полиция сүйек тастағандарды іздестіріп жатыр. Өйткені, елде жылқы етін жемек түгілі, оны союға болмайды. Бұған заң қатал. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жылқы етін сатқан немесе қолданған қасаптарға «бұзылған, өзгертілген тамақ немесе дәрі-дәрмек саудасы» бабына сәйкес бір жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Мұның сыртында, айыппұл төлейді.
Елдегі Ислам ғұламалары бұл мәселеде үшке бөлінеді. Біреулер халал десе, біреулер харам дейді, біреулер мәкрүһ дейді. Яғни, басыбайлы тыйым салынбағанымен, оны тұтыну ұсынылмайды.
Бұл мәселеде мәзһабтардың да сенімдері әртүрлі. Бірі жылқы еті халал екенін айтса, басқасы харам дейді.
Давут Чакыр, жылқышы: - Түркияда жылқы етін жемеудің екі негізгі себебі бар. Біріншісі діни болса, екіншісі мәдени-дәстүрлік. Анадолы жеріндегі жұртшылық егін шаруашылығымен айналысқан. Отырықшы халықтың асхана мәзірі жеміс- жидек және көкөністерден құралған. Еттің басқа түрлері бар, әрине. Бірақ, отырықшы мәдениетте жылқы өсіру оңай емес. Сосын мұндағы халықтың дені Ханафи мәзһабына жатады. Бұл мәзхабта мәкруһ. Ал былай күллі түркі дүниесіндегі секілді ат - ер қанаты, ер жігіттің серігі саналады. Осы түсінікке байланысты бұл аумақта жылқы етін жеу ерсі. Жылқы еті-харам деген түсінік осы себептерге байланысты қалыптасқан.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через