Тұмаумен жиі ауыратындар аллергияға тез шалдығады

Тұмаумен жиі ауыратындар аллергияға тез шалдығады

Аллергиямен ауыратындар қатары жыл санап өсіп барады. Бұрын тек ересектер арасында кездессе, қазір аллергия жас балаларға, тіпті, сәбилерді шарпып үлгеріпті. Көзі жасаурап, түшкіріп, мазасы кеткендер Еуропадан жеткізілген дәрі-дәрмекті пайдаланса, енді біреулер Шығыстың емдеу тәсілін мақұл көреді. Екі емнің қандай айырмашылығы бар. Осыны білу мақсатымен Алматыда орналасқан қытайдай көне  емдеу тәсілімен ем жасайтын медициналық орталығының мамандарын сөзге тартқан едік

 Жанг Гун Жи

дәрігер-аллерголог

 

Неге соңғы жылдары адамдар аллергияға көбірек шалдыға бастады?

Бұл бізді қоршаған оратның табиғатына, адамдардың денсаулығына байланысты. Қазір экология нашарлап барады, қалаларда шаң-тозаң көп, оның үстіне адамдардың денсаулығы да әлсіз. Аллергия адамның қан айналымы нашарлағанда, иммунитеті әлсірегенде өрши түседі.

Аллергиядан қалай сақтануға болады?

Бұл аурудың басталатын өз маусымы болады. Ол әр адамда әрқалай кездеседі. Біреулерде ерте көктемде байқалса, екіншілері жаздың соңына таман түшкіре бастайды. Сондықтан аллергияның алғашқы белгілері біліне бастағандла дереу емделген жөн. Дәрігерге қаралу керек. Тамақты да таңдап жеген дұрыс. Әсіресе, ащы тамақтарды, сондай-ақ қызыл, қызылсары түсті жемістерді, балды жегенде аллергия бірден күшіне енеді. Тағы бір ескеретіні, суық күндері мүмкіндігінше тұмауға шалдықпаған жөн. Тұмаумен жиі ауыратындардың ағзасы аллергияға бейім келеді. Қазақтардың етті жақсы көретінін білеміз, көкөністе де күнделікті ас мәзіріне көбірек енгізу қажет. Спортпен шұғылдану керек.

Егер аллергиядан емделмесе, уақыт өте келе өзі жоғалып кете ме?

Өздігінен жоқ болуы қиын. Көп жағдайда керісінше, өршіп кетеді. Бұл ең алдымен тыныс алу жолдарына зиянын тигізеді. Егер адам емделмей ұзақ жүріп алса, мұрын ішінде ет өсуі мүмкін, уақыт өте келе ол шіриді де, басқа аурулардың пайда болуына жол береді.

Адамның қандай заттан аллергиясы қозатынын қалай анықтауға болады?   

Негізі шөптің 200-ден астам түрі адамның аллергияға шалдығуына ықпал етеді. Оның дәл қайсысы сіздің мазаңызды алатынын анықтау үшін қан тапсыру керек. Дәрігерлер қан сараптамасы арқылы анықтай алады.

Осы аурудан біреулер дәрі-дәрмек арқылы емделеді. Енді біреулер Шығыс медицинасына жүгінеді. Қайсысы тиімді?

Кім қандай тәсілмен емделетінін өзі таңдайды. Дәрі-дәрмек тез әсер етеді. Ал Шығыс медицинасы ұзағырақ емдейді, есесіне бүкіл ағзаға жетеді.

Ал сіздер қалай емдейсіздер?

Біздің Қытай емдеу орталығында мұрынға жіп салады. Яғни, қойдың ішегіне алдын ала шөптен дайындалған дәріні салып, ораймыз. Оны шприцпен мұрынның ішіне саламыз. Бұл процедураны араға 15 күн салып 4 рет қайталаған тиімді. Сонда біраз жыл аллергияны ұмытасыз. Мұндай емнің адам денсаулығына немесе бет терісіне ешқандай кері әсері болмайды. Бұл Қытайда жаңа ем түрі саналғанымен оны қолданысқа енгізу үшін қаншама жыл тәжірибеден өткізіліп, әсері тексерілді. Дәрігерлер тәжірибе барысында бір рет ине салу терапиясы 60 рет алтын ине салғанмен барабар екенін дәлелдеді.    

Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет.

  Фотосурет  divomix.com, heaclub.ru  сайтынан алынды