Елімізде тұмауға шалдыққандар қатары күрт өсті. Әсіресе Астана қаласындағы жағдай алаңдатарлық. Өйткені жедел жәрдем қызметіне күнделікті 6 мыңнан аса қоңырау келіп түседі. Бұл алдыңғы айлармен салыстырғанда 2 есе көп.
Жедел респираторлы вирусты жұқтырғандардың басым бөлігі балалар.
Елордадағы жедел жәрдем қызметінде қызу қарбалас. Өйткені, соңғы айда, әсіресе, осы бірер күнде көмек сұрап хабарлаусушылардың саны күрт артқан. Сәйкесінше, бұнда қоңырауға жауап беретін мамандар мен қызмет көрсететін бригадалардың санын көбейтіп жатыр. Бірақ, соның өзінде эпидемияға қарсы тұру оңай болмай тұр.
Ал Атырауда жүкті әйелдердің тұмауға шалдығуы көбейген. Қазірдің өзінде 13 жүкті әйел ауру жұқтырыпты. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 9 жағдай тіркелген.
Қазіргі кезде тұмау аурушаңдығының В типі көп таралуда. Соның ішінде 28 жағдайды құраса, ал А типінің 4 жағдайы табылып отыр. Айта кетейік, тұмау аурушаңдылығының алдын алғыңыз келсе, алдымен адам көп шоғырланатын жерден мейлінше бас тарту. Құрғақ жөтел, бас ауыру, дене қызуының көтерілуі байқалғанын сезсеңіз, міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну, салауатты өмір салтын сақтау, дәрігерлердің ұсынымы бойынша дәрумендер пайдалану. Айкөркем Нұрғалиева, облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.
Жамбыл облысындағы жағдай да мәз емес. Соңғы екі аптада 17 мыңға жуық адам вирустық инфекция жұқтырған. Бұл тек жедел-жәрдемге жүгінгендері ғана. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қазан айынан бастап тұмау жұқтырғандардың жиілегенін мәлімдеді. Соның есебінен облыстық жедел-жәрдем станциясының жұмысы қауырт.
Шақырулар көбінесе тек қана демалыс күндері көбейеді. Ол кезде емханалардың жұмыс істемейді, сондықтан да көтеріледі. Желтоқсан айының 25 күні ішінде бізге 45000-дай шақыртулар түсті. Оның көбінесе 4 категория. Тұмаулар бәрі сол 17 мыңды құрайды. Күлзахира Қызғараева, облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары
Сала мамандары қазір медициналық қызметті барынша жүйелеп, жағдайды қалай да тұрақтандыру үшін жанталасып жатыр. Дәрігерлер тұрғындарды санитарлық сақтық шараларын сақтауға шақырады.
Дереккөз 24.kz. Фото: bagra.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через