“Туберкулез вирусын тасымалдайды”: Дәрігерлер қазақстандықтарды көгершіндерден сақ болуға шақырады

“Туберкулез вирусын тасымалдайды”: Дәрігерлер қазақстандықтарды көгершіндерден сақ болуға шақырады

           Қазақстандықтарды көгершіндерден сақ болуға шақырады. Инфекционист дәрігерлердің айтуынша, қаладағы құстар туберкулез, пситакоз секілді аурулардың тасымалдаушысы болуы мүмкін. Құстардың қайсысы ең жұқпалы және аурудың алдын алу үшін қандай ережелерді сақтау керек

Көптеген қалалық тұрғындар көгершіндерге үйренген әрі оларды тамақтандыру күнделікті шаруаға айналған. Дегенмен, көгершіндер тоқсан түрлі аурулардың тасымалдаушысы екенін бірі білсе, бірі білмейді. Олардың ішіндегі ең қауіптісі – орнитоз және туберкулез. Дәрігерлер ауруды жұктыру үшін құсты міндетті түрде қолға алудың қажеті жоқ екенін айтады. Инфекция ауа тамшылары арқылы таралады.

"Ол шаңнан, құс жоғары ұшқан кезде көтерілетін ауа шаңынан жұғады. Ауа шаңы көтеріліп, нәжіс бөлшектері мен құстардың қанатындағы шаң адамның шырышты қабығына оңай еніп, кез келген ауруды жұқтырады. Қазақстан туберкулездің эндемиялық аймағына жатады. Сондықтан туберкулезді, оның ішінде орнитозды жұқтыру ықтималдығы өте жоғары", - деп түсіндіреді инфекционист дәрігер Мадияр Әбдірасылов.

Көгершіндерді қолмен тамақтандыруға, қолмен ұстауға және алдына қондыруға мамандар оң көзбен қарамайды. Құстар вирустардың қоймасы іспеттес. Олар қоқыстағы қалдықпен қоректенеді. Олар жертөлелерде, шатырларда және ылғалды жерлерде тұрады. Сондықтан, егер олармен кездейсоқ байланыста болса, қолыңызды мүмкіндігінше тез жуған дұрыс. Әсіресе бұл балаларға қатысты. Ал ауру құстардан аулақ болу мүлдем аулақ болған маңызды.

"Ауру құстар, олар әрқашан мінез-құлқымен, сыртқы түрімен ерекшеленіп тұрады. Яғни, олар тым беймаз болады. Кәдімгі көгершіндерге, сау құстарға қарағанда көп қозғалатын болады. Мұндай құстарға басына, балалардың киіміне отыруға рұқсат берудің қажеті жоқ", - дейді ҚР Зоология институты құстар орталығының басшысы Андрей Гаврилов.

Бізде құстарды тамақтандыруға тыйым салатын арнайы заң жоқ. Бірақ кейбір жерлерде билік бұлай жасауды ұсынбайды. Әсіресе саябақтар мен алаңдарда. Бұл қоғамдық орындарды ластау деп танылып, 30 мың теңгеден астам айыппұл салынуы мүмкін.

Stan.kz