Телефон баланың сөйлеу, көру қабілетіне зиянын тигізіп жатыр

Телефон  баланың  сөйлеу,  көру  қабілетіне  зиянын  тигізіп  жатыр
фото: http://ernur.kz

Телефон  баланың  сөйлеу,  көру  қабілетіне  зиянын  тигізіп  жатыр

Психолог болмай, логопед болып жұмыс істеу қиын. Тілінің кемістігі бар балаларға ең алдымен психологиялық дайындық керек. Логопед балалардың сөйлеуіне телефон кері әсер етеді,- дейді  логопед Ұлжан Қыдырбаева.

– Қазіргі таңда мектепте даярлық топтарында, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, бастауыш сыныптарда "с", "ж","з","р" секілді ызың дыбыстарды айта алмайтын балалар өте көп.

Оған екі баланың бірінің қолынан телефон түспейтіні де әсер етеді. Жан тыныштығы үшін баласының қолына телефон ұстата салатын ата-аналар көп. Немесе олар баласы телефоннан пайдалы дүние қарап отыр деп ойлауы мүмкін. Ал телефонға қадалған баланың ауыз қуысы мен жақ бұлшық еттері қимылдамайды. Жақ сүйек пен тіл бұлшық ет қозғалмағандықтан, баланың сөйлеу қабілеті төмендейді. Ерін мен тіл қимылдап қатайған сайын баланың сөйлеу қабілеті өте жоғары болады. Бізде қазір басты кемшілік осы болып тұр. Бұдан бөлек телефон баланың көру қабілетін төмендетеді екен.