фото: kaznews.kz
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті.
Бұл еліміз үшін тарихи сәт. Жасөспірімдер арасындағы Олимпиадада шаңғымен тұғырдан секіру спортынан Қазақстан тарихындағы тұңғыш алтынды алған Илья Мизерных. 16 жастағы шаңғышы өз өнерін паш еткен бағдарламада 38 қарсыласпен сынға түсті. 214 ұпай жинап, австриялық Никки Хамл мен польшалық Лукас Лукащукты артта қалдырды.
Қазақстан республикасы спорт шеберінің былтыр «Азия балалары ойындары» халықаралық жарысында да топ жарғанын айта кетейік.
Илья Мизерных, шаңғышы:
Жеңімпаз атанып, ел намысын қорғау өте ерекше сезім екен. Ойынды тамашалап, қолдау көрсеткендеріңізге мың да бір алғыс.
Канвонда өтіп жатқан төртінші жасөспірімдер Қысқы Олимпиадасын хоккейшілеріміз де ірі жеңіспен бастады. Үш те үш ((3×3)) хоккейден топтық кезеңнің алғашқы ойынында Қазақстан құрамасы Польшаны тас-талқан етіп жеңді. Есеп 18:8 болып аяқталды.
Дереккөз qazaqstan.tv.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через