Қалауың тапса, химиялық қалдық та да кәдеге жарайды. Тараздық жоғары оқу орнының ғалымдары фосфогипс қалдығынан жоғары сапалы цемент шығарудың жолын тапты.
Егер жоба іске асса, онда шаһар кіресберісіндегі қалдық мәселесі шешімін табар еді. Әрі жаңа жұмыс орыны ашылып, өңірдің экологиясын жақсартуға септігін тигізеді.
Тараз қаласының батыс бөлігінде жинақталған мына үйінділер фосфогипс қалдығы. 60 жыл бойы жиналған химиялық қалдықтың көлемі 15 млн тоннадан асып кеткен. Қалдықтан құтылу бүгінде шаһар шеңберінде емес облыс деңгейіндегі мәселеге айналып отыр.
«Өңірлік университет ғалымдары, өндірістік қалдықтарды кәдеге жаратуға болады», - дейді. Оқу ордасының ғылыми қызметкерлері 2 жыл бойы жоба дайындаған. Олар тың технология арқылы фосфогипс қалдығын 2000 градус темепературада қыздырып, зиянды заттардан құтылмақ. Солайша жоғары сапалы цемент алмақ.
Дилбара Күлбаева, Тараз өңірлік университеті химиялық технология кафедрасының аға оқытушысы:
- Углеводород бізде 40% болу керек, суымыз 60% болған кезде. Екеуін сжигатьетеміз. Сжигать еткеннен кейін бізде сутек бөлініп шығады. Сол сутекті кәдімгі жаңағы обжиговый печ Кленкера, сол жаққа тасымалдап, фосфогипспен бірге әрекеттестіреміз. Гипстің құрамдығы 98,1% көрсетті. Ал кәдімгі цементтің құрамында бізде гипс 77% көрсету керек. Бізде даже жоғары болады.
«Химиктер, цементпен қатар гипс түрлерін де шығаруға болады», - дейді. Тіпті ең кіші зауыт жобасын да дайындап қойған. Шикізаты тегін кәсіпорын, салған қаржыны ақтайтынын айтады.
Сейітжан Орынбаев, Тараз өңірлік университеті ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры:
- Зауыт іске қосылған жағдайда, жылана 300 мың тонна фосфогипс қалдықтарын біз өңдей аламыз. 124 мың тонна цемент ала-аламыз. Зауыт жылына 1,7 млрд тг пайда әкеледі. Ол дегеніміз 2 жарым жылда ақталады.
Салаға жауапты басқарма мамандары, «улы таудан» құтылу үшін «Жол картасын» әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Дегенмен тек ұсыныс жіберумен шектеледі. Себебі өндіріс қалдығын құтылу, заң жүзінде «Қазфосфаттың» құзырындағы міндет.
Серік Ағабек, облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:
- Енді осындай ұсыныстар әлі келсе бізге алып келіп көрсетсе, біз әрі қарай «Жол картасы» әлі әзірленіп біткен жоқ. Әлі де қосуға мүмкіншілік бар. Шығындарын сол серіктестіктің өзі көтереді. Міндетті ғой. Экологиялық коддекстің 329-бабына сәйкес.
Алпауыт кәсіпорын экологтары қол қусырып отырмағанын айтады. Химиялық қалдықты мелиорант тыңайтқыш ретінде шаруларға тасып жатыр. Мәселен 2022 жылы 30 мың тоннасын тегін тасымалдаған. Биыл да 10 мың тонна қалдықты Аралдағы сортаң жерлерді құнарландыру үшін апарып бермек. Тараздық ғалымдардың да ұсынысын тыңдауға әзір.
Арман Қарағалиев, "ҚАЗФОСФАТ" ЖШС бас экологы:
- Олар жаңағы айтып жатыр, біз опытный бір лабараторный установка қояйық, соған бізге финансирования беріңдер деп жатыр. Көрсетіңіздер деп жатырмыз. Біз көрейік лабараторияда көрейік, болмаса жаңағы опытный промышленность соны да қойып көрейік. Біз одан қашып жатқанымыз жоқ.
Компания технологтары техникалық институт ғалымдарымен бірігіп зерттеуді жалғастырады. Жалпы тау болған қалдықтарға кәсіпорын 2025-жылға дейін рекультивация жасайды. Яғни үйінді үстіне топырақ төсеп, бетін жасыл желекке айналдыруы тиіс.
Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через