Тараз еліміз бойынша алғаш болып «Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» тізіміне енді. 2000 жылдан аса тарихы бар шаһардың мұндай атаққа ие болуына нендей факторлар әсер етті? Халықаралық ұйымға мүшелік қандай мүмкіндік береді?
Тараз еліміз бойынша алғаш болып «Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» тізіміне енді. 2000 жылдан аса тарихы бар шаһардың мұндай атаққа ие болуына нендей факторлар әсер етті? Халықаралық ұйымға мүшелік қандай мүмкіндік береді?
Тараз ежелден қолөнершілер қаласы. Бұған дәлел - мұрағат деректері. Тарихшылар көне шаһарда біздің заманымызға дейінгі 6 ғасырдың өзінде қолөнер ерекше дамыған дейді. Дәлелді мәліметтер, 1939 жылдары осы өңірді зерттеген ғалым Александр Бернштамның еңбектерінде кездеседі. 1960 пен 2018 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барысында қала аумағынан үш жарым мыңға жуық жәдігер табылған. Археологтар оның ішінде де қолөнершіліктің қолтаңбасы бар екенін айтады.
Сауран Қалиев, археолог-тарихшы:
- 2015 және 2017 жылдардың аралығында Көне Тараз қалашығының орнында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының барсында, қаланың сол 10-11 ғасырларға тән мәдени қабатынан екі құмыраға салынған әйел адамдардың әшекей бұйымдары табылды. Бұл әшекей бұйымдарының барлығын ғалымдар сараптап келе, жергілікті зергерлер мен қолөнершілердің туындылары екені белгілі болды. Тараз қаласының ерте заманнан қолөнершілердің қаласы, яғни отырықшы мәдениеті қалыптасқан қала екендігін біз көріп отырмыз.
Дүниежүзілік қолөнер кеңесінің Сараптамалық комиссиясы Таразға арнайы келді. Ондағы мақсат шаһарды «Дүниежүзілік қолөнершілер қаласы» тізіміне енгізу болатын. Арнайы топ аймақтың тарихы мен қолөнердің даму қарқынына көз жеткізді. Осылайша Тараз еліміздегі ең алғашқы әрі жалғыз қала ретінде тізімге 57-болып еніп отыр.
Айжан Бекқұлова, Қазақстан қолөнершілер одағының төрағасы:
- Дүниежүзілік тізімге кіру оңай емес. Қолөнершілердің жабдықталған базасы болу қажет. Олардың саны мен бағыты да көп болуы міндетті. Әрі мұнда ұрпақтар сабақтастығы болуы маңызды. Себебі ол жоғалып кетпей жастарға үйретілуі керек. Таразда бұл жағынан уайымдамауға болады. Себебі аналар орталығы болсын, оқушылар сарайы болсын, барлық жерде қолөнердің түрлері үйірме ретінде ашылған. Сондықтан зор сеніммен халықаралық тізімге енгіздік.
Маңызды шараға орай Таразда 4 күнге созылған қолөнершілердің көрмесі өтті. Халықаралық шараға еліміз бен 10 нан аса шет елден 200-ге тарта қолөнершілер қатысты. Шеберлер корме теріден, аң сүйектері мен мүйізінен, ағаш пен темірден жасаған бұйымдарын сатылымға шығарды.
Джаббар Катри, үндістандық қолөнерші:
- Мен Таразға қолөнерші ретінде келіп отырмын. Үндістаннан арнайы келудегі мақсатым, туындыларым арылы өз елімнің мәдениетін таныту. Әрі осындағы қолөнершілермен тәжірибе алмасу. Мұнда қолөнершілер өте көп екен. Жалпы Тараз жұрты ұнады. Қонақжай халық екен. Алдағы уақытта осындай көрме ұйымдастырылса, міндетті түрде қатысамыз.
Мамандар ұйымға мүше болу халықаралық алыс-берісті кеңейтіп, туристік әлеуетімізді арттыруға мүмкіндік береді, дейді. Аталмыш шара алдағы уақытта да жалғасын табады. Мерей Бает, Бақытжан Бапаев, Руслан Ахатіллә Осы категория бойынша: « Таразда қолөнершілердің халықаралық көрмесі өтіп жатыр ЮНЕСКО Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтті »
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через