фото: sputnik.kz
Қарақат немесе таңқурай ағзадағы қабыну процесін бәсеңдетеді. Жидектер С дәруменіне бай. Қарақат аскорбин қышқылының көптігі жағынан бірінші орында. Екінші орында шырғанақ (облепиха), одан кейін үшқат (жимолость). Таңқурай, құлпынай және қарлығанның (крыжовник) да пайдасы мол.
Оның айтуынша, жидектердің түсі неғұрлым қанық болса, олардың құрамында қабынуға қарсы және әлдендіретін антоцианиндер соғұрлым көп болады. Бұл зат қара жидек пен қарақатта мол. Шиеде фтор, кальций, магний, фосфор және темір бар.
Қызыл жидектер каротиноидтар тобындағы антиоксидант – ликопинге бай. Ол холестеринді қалыпты деңгейде ұстауға көмектеседі, сонымен қатар қан тамырлары мен қылтамырлардың қабырғасын нығайтады. Сондықтан кептірілген таңқурай қосылған шай суық тигенде тезірек сауығуға көмектеседі, дейді мамандар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через