Сыр ғалымдары Паркинсон ауруын емдейтін препарат жасауға атсалысады
Еуропа ғалымдары Альцгеймер және Паркинсон ауруына дауа болатын дәрі-дәрмек жасауға талпынып жатыр. Бұл зерттеулерге Сыр өңірінің химиктері де қатысады. Отандық мамандардың Еуродақтағы «Көкжиек-2020» гранттық бағдарламасына ұсынған жобасы жеңімпаз атанды. Бұл – өңір тарихында ғылым саласы бойынша Тәуелсіздік жылдарындағы ең ірі жетістік деп айтуға болады. Сыр өңірі жыл сайын 80-85 мың гектар жерге күріш егеді. Одан мыңдаған тонна сабан қалады. Ол далада жатып өртке оранады. Ал ғалымдар бұл сабаннан қағаз жасайтын циллюлозы мен болашақта көлік қаңқалары үшін пайдаланатын көмірпластик сияқты серпілгіш материалды жасаудағы маңызды шикізат екенін айтып отыр. Осылайша біз қоқыс деп елей бермейтін көп нәрсені құнды дүниеге айналдыруға болады. Ол үшін ғылым керек, мықты ғалым керек.
– Болашақта сұраныс көп болады. Себебі бұл шетелдік проектілер бар ғой, зымырандар құрастырып жатқан, сол зымыранның ұшқы бөлігі углепластиктен құралады. Өйткені ол үлкен температураға төзімді болады, зымыран ұшқанда ауамен жанасып өте қызады. Соған төзімді және өте мықты, берік материал болып табылады. Бұл – 2009 жылы Елбасының тапсырмасымен елімізде ашылған 15 инженерлік бейіндегі озық технологиялы зертхананың бірі. Содан бері жас мамандардың теориялық білімін тәжіребиемен ұштастыруға жол ашып келеді.
Әлемде әлі де емі табылмаған Альцгеймер және Паркинсон ауруларын емдейтін препаратты жасау жолындағы зерттеулерге де Сыр елінің мамандары үлес қоспақ. Олар Еуроодақтың жүз мың еуродан асатын қомақты грантын ұтып алған. Ал жобаның негізі - шөлді аймақтарда өсетін жантақ шөбі болмақ. Жергілікті түйежантақ шөбінен осы биологиялық белсенді қосылыстарды алу бойынша және әртүрлі ауруды емдеуге пайдалану бойынша біздің зерттеулеріміз жүргізілген болатын. Мен айтып өткен нанобөлшек адамға кері, жанама әсерлерін болдырмай, қажетті жерге өте жоғары белсенділікпен емдеуге мүмкіндіктер бар. Осы бағытта біз Қазақстан, Португалия, Нидерланды, Дания, Украина, Белоруссия және Ресей ғалымдары бірігіп, үлкен консорциум негізінде осы жобаны ұтып алды. Күрішті өлкенің ғалымдары тәуелсіздік жылдарында басты дақылдың 8 түрлі жаңа сұрпын ойлап тапты. Бүгінде соның екеуі – «Әйгерім» мен «Сыр сұлуы» жаппай өндіріске еніп кетті.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через