фото: otyrar.kz
Шымкентте 100 жастағы әже әлі күнге дейін сабақ береді.. Валентина Ивановна бүкіл саналы ғұмырында неміс тілі пәнін оқытқан.
Жасының ұлғайғанына қарамастан қазір де шәкірт тәрбиелеуді жалғастырып келеді. Үйде немерелеріне шет тілін үйренуге көмектеседі.
Валентина Ивановна жай ғана ұстаз емес, ол шымкенттіктер үшін тірі аңыз десе де болады. Білікті ұстаз 80 жасқа дейін мектепте жұмыс істеп, ағылшын және неміс тілдерінен сабақ берді. Қазір 100-ге келген зейнеткер немере-шөберелеріне бағыт беріп, білгенін үйретіп отыр.
100 жастағы ұстаз айналасын тек білімімен емес, сонымен қатар өзін үнемі дамытып отыру үлгісімен де шабыттандырады. Кітап оқып, аударма жасайды. Тіпті гимнастикамен айналысуға уақыт табады. «Жастың ұлғаюы әдемі қартаюға кедергі емес», - дейді қарт ұстаз. Оның салауатты өмір салтын ұстануы мен өмір сүрудегі белсенділігі айналасындағыларды жігерлендіріп, күш-қуат сыйлайды.
Валентина Ивановна жақында 100 жылдық мерейтойын отбасымен бірге және сүйікті шәкірттерінің ортасында атап өтті. Қарт әже өзінің бір ғасыр бұрын берілген туу туралы куәлігін көрсетіп, «музей жәдігері» деп әзілдегенді жақсы көреді. Ал ұзақ жасауының сырын денсаулығын күтіп, салауатты өмір салтын ұстануымен байланыстырады. Адам өзін күткенде ғана кәріліктің рақатын көретінін айтады.
Ақпарат дереккөзі: www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через