фото: .inform.kz/kz
Шығыс халқы ұзақ өмір сүреді
Шығыс елдері тұрғындарының ұзақ өмір сүруінің құпиясы ашылды. Жапондықтардың ұзақ өмір сүретіні баршаға белгілі. Көркейе түскен шығыс сұлулары әдемілікке және өмір жасын ұзартуға тамақтану үлкен әсер ететінін айтып берді.
Дегенмен жапон диетін сақтағанмен кез келген адам тиісті нәтижелерге жете қоюы екіталай. Жапония мен Қытай тұрғындарының рационында мал майы болмайтыны жасырын емес. Бұл елдерде адамдар еуропалықтар сүйетін сүт, ет, сарымай, ірімшік сияқты тағамдарды жемейді. Шығыс адамдары тағамдарының басты ингредиенті - балық, оның көбін шикілей жейді. Күншығыс елі тамаққа балықты ғана емес, моллюскілерді де пайдаланады. Сондай-ақ олардың рационында органикалық йод мол теңіз өсімдіктері, сондай-ақ теңіз минералдары да бар. Айталық, мұндай өсімдіктерге саңырауқұлақтар мен балдырлар жатады. Әрине, егер еуропалық адамдар мұндай тамақ түріне ауысса, өз денсаулығын едәуір нығайтып, организмін тазартары сөзсіз. Бірақ та өмір сапасын өзгертіп, тамақтануды жақсартқанымен Еуропа тұрғыны қарттықтан құтыла қоюы қиын. Оның шешуі генетикалық кодта жатыр. Шығыс елдерінің тұрғындары мұндай өмір салтын мыңдаған жылдардан бері ұстанады. Сондықтан да оларда белгілі бір генетикалық код пайда болған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через