фото: pixabay.com
Шығыс Қазақстан облысында алып сәби дүниеге келді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы qazaqstan.tv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Нәрестенің салмағы 6 келі 280 грамм. Ал бойы 57 сантметр. Бұл туралы облыстық ана мен бала орталығының бөлім меңгерушісі-Жадыра Дүсіпова хабарлады.
33 жастағы ананың бұл төртінші баласы. Дәігерлер ұзақ уақыт толғақтан соң өзі босанған ананың денсаулығы қазір өте жақсы екенін айтады. Бала да ширай бастаған.
Жалпы облыстық Ана мен бала орталығы тарихында, бұл ең ауыр салмақта дүниеге келген алғашқы нәресте. Педиатр-дәрігерлер 730 грам болатын сәбидің де болғанын айтады
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через