Шығыс Қазақстан облысында қасқырдың малға шабуы жиілеген

Шығыс Қазақстан облысында қасқырдың малға шабуы жиілеген
фото: Pixabay

       Олардың адамдарға шабуыл жасау жағдайлары да тіркелген.

       Шығыс Қазақстан облысында қасқырдың малға шабуы жиілеген. Бұл туралы жергілікті тұрғындар облыc әкімі Ермек Көшербаевпен кездесуінде айтты.

       Жыртқыштардың санын азайту шаралары екі жылдан бері қолға алынбай келеді. Осы уақыт ішінде олардың саны айтарлықтай өскен.

       Қасқырлар малға шабуыл жасап, елді мекендер аумағына кіріп жүр, олардың адамдарға шабуыл жасау жағдайлары да тіркелді. Қариялардың айтуынша, оларды ату жұмыстарын қазір, бірінші қар жауғанда және ақпан айында жүргізу керек.

       Бұл мәселені шешу үшін заңнама аясында аңшыларға қасқырлар санын азайту мақсатында оларды атуға лицензия беру жұмыстары жүргізіледі.

       SN.KZ