Қозғалыс белсенділігі маңызды. Таңертең жүгіріп, ұзақ серуендеп, велосипед теуіп немесе фитнеспен айналысқан дұрыс
Суыққа төзбейтін болсаңыз қыста не істеу керек? Психолог Дмитрий Синаревтің айтуынша, суық мезгілде адам өзін жайлы сезіну үшін физикалық белсенділікті арттыру керек, деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.
Сондай-ақ, маман ас мәзірі әртүрлі болғаны дұрыс деп санайды.
"Диетаңыз неғұрлым саналуан болса, сіздің физикалық жағдайыңыз және сәйкесінше көңіл-күйіңіз соғұрлым жақсы болады. Дене суықпен күресуі үшін энергияны қажет. Сондықтан қыс диета ұстану үшін ең жақсы уақыт емес. Жоғары калориялы, дәрумендерге бай тағам бізге бұрынғыдан әлдеқайда керек. Бұл табиғи және қалыпты процесс", - деп атап өтті сарапшы.
sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через