фото: Bugin.kz
"90-60-90" әйелдер сұлулығының "алтын" стандарты болып саналады. Алайда осы түсініктің пайда болғанына көп уақыт бола қойған жоқ. "90-60-90" параметрі ХХ ғасырдың соңында танымал болды. Ал бұл стандартты орнатқандар әйелдердің тартымы мен денсаулығына мүлде қызығушылық танытпаған.
Эстетикалық стандартар үнемі өзгеріп отырады. Мәселен, XVIII ғасырда толық әйелдер әдемі болып саналған. Өйткені оның салмағы көп болса, күйеуі қымбат тамақ әпере алатын бай адам деп ойлаған. Сондай-ақ мұндай жағдайы бар келіншектер артық жұмыс істемейді деген ой қалыптасқан-ды. Бірақ қазіргі уақытта мұндай түсінік жоқ. Көпшілігіміз білетіндей, әйел арық болғанда ғана "өз-өзіне күтім жасайтын әйел" саналатын дәрежеге жеттік.
Шындығында, арық моделдердің заманауи сұлулық индустриясына тигізетін пайдасы көп. Бұған бірінші кезекте теледидар кінәлі. Экранда адам толық болып көрінетінін бәрі біледі. Сондықтан телеарналар әдемі көріну үшін арық қыздарды шығаруға тырысты. Екіншіден, бұл стандарт дизайнерлердің өздерінің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар барлық моделдер бірдей өлшемде болғанда, олар бір-бірінің орнына оңай ауыса алады.
Мүсіні 90-60-90 болған Мэрилин Монроның бойы небәрі 166 сантиметр болғанын есте ұстау қажет. Ал әр бойдың өзіне сай қалыпты салмағы болады. Бұл салмақтан сіздікі аз немесе жоғары болса, денсаулығыңыз сыр бере бастайды.
90-60-90 стандартын да сұлулықтың басқа идеалдары сияқты ер адамдар ойлап тапты. Көптеген дизайнер кей әйелдерді "муза" деп жиі айтады. Бірақ олар да солай айлакерлік жасайтыны рас. Көбінесе оларды әйелдер емес, атақ пен ақша қызықтырады. Кей атақты дизайнерлер ащы шындықты айтқан кездер де болды. Мысалы, бірде әйгілі кутюрье Жан-Поль Готье: "Мен әйел сұлулығының стандартын барлық әйелдерді жек көру арқылы жасаймын. Мен үшін олар киім ілгіштер ғана", - деген сөзі белгілі.
Диетологтардың айтуынша, әр адам үшін жамбас, бел, кеуде, сондай-ақ бүкіл дене салмағы үшін нақты идеалды мәнді есептеуге болады. Бойға мән бермей, белгіленген стандарттардың артынан қуған дұрыс емес.
Сондықтан мұндай мүсінім жоқ деп алаңдасаңыз, бұл түсініктің қайдан келгені туралы ойланыңыз. Басқалар енгізген стандартқа сай болу үшін денсаулығыңыз бен өзіңізді құрбан етудің қажеті жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через