фото: pixabay.com
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді. Еліміздің бірқатар өңірін су басқан соң жанашыр жандар қамқор қолын созып жатыр.
Еріктілердің «Birgemiz» фронт-офисі су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау пункттерінің мекенжайлары мен байланыс номерлерін жариялады, деп хабарлады kaz.inform.kz.
Барлық қажетті заттар, сонымен қатар гуманитарлық көмек қабылдау пункттері суреттерде көрсетілген.
"Табиғи апаттар біздің отандастарымызға қатты әсер еткен кезеңде гуманитарлық көмек маңызды рөл атқарады деп сенеміз. Қолдауларыңыз үшін рахмет!" деп жазылған еріктілердің «Birgemiz» фронт-офисі таратқан хабарламада.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через