Су тасқыны кезінде жұқпалы аурудың алдын алу жолы қандай?

Су тасқыны кезінде жұқпалы аурудың алдын алу жолы қандай?
фото: https://www.google.com/Ffbuz-74.ru

       Еліміздің бірнеше өңірінде су тасып, тұрғындар эвакуацияланып жатыр. Өзендер ернеуінен асып, тұрғын үйлерді су шайды. Су тасқыны кезінде түрлі аурулар тарап, инфекция жұғуы мүмкін. Аймақтардағы қазіргі ахуал қандай, жұқпалы аурудың алдын алу үшін қандай сақтық шараларын жасау керек? Осы сұрақтар бойынша Bugin.kz порталы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Алпысбаев Жасулан Турганбекұлымен тілдесті.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында су тасқынына байланысты күрделі жағдай байқалған өңірлерде қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр? Аймақтардағы қазіргі жағдай қандай?

"Су тасқыны болған аймақтарда түрлі аурулардың алдын алу мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет профилактикалық жұмыс жасап жатырмыз", деді  басқарма басшысы.

Бірінші: Сумен жабдықтау объектілерін, мал қорымдарын, кәріздерді, зираттарды бақылау күшейтілді. Санитариялық-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштергее 4 мыңнан астам су сынамаларын іріктеу және зерттеу жүргізілді.

Екінші: Эвакуациялық пункттерді бақылау жүргізіліп жатыр:

- тамақ ішу режимін қадағалап және қауіпсіз тамақтандандыруды қамтасыз ету;

- санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау;

- халық арасында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізіліп жатыр.

Үшінші: Жергілікті атқарушы органдарға аумақтарды тазарту, су жинау құрылыстарын, мал қорымдарын, кәріздерді және өзге де объектілерді жуу және дезинфекциялау бойынша ұсыныстар айтылды.

Басқарма басшысы аймақтардағы су мәселесі және ауыз судың тазалығы туралы пікір білдірді.

"Судың сапасы мен қауіпсіздігінің зертханалық мониторингінің нәтижелері бойынша жұқпалы аурулардң су ошақтарының пайда болу қаупі жоқ", екенін айтты.

Сондай-ақ, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы тұрғындарға бірнеше ақпаратты хабарлады.

Су тасқыны кезінде халыққа арналған ұсыныстар:

1.Тек бөтелкедегі немесе қайнатылған суды ішу және тамақ дайындау үшін пайдалану;

2. Су басу орындарында бұлақтардан, құдықтардан және ұңғымалардан су ішпеу; 

3. Тасқын суларға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбау;

4. Дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындамас бұрын қолды сабындап жуу; 

5. Су тасқынынан кейін барлық бөлмелерді дезинфекциялық ерітінділермен тазалау;

6. Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (безгек, жүрек айну, құсу, іштің өтуі, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.

 Bugin.kz