«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалының Жетісу ауданында ашылған күшейтілген ХҚО жұмысы тоқтайтынын хабарлайды.
Шетел азаматтарының ағылып келуіне орай, Халыққа қызмет көрсету орталығы келушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында жеке сәйкестендіру номерін рәсімдеу үшін, «Құлагер» ықшам ауданында күшейтілген ХҚО ашқан болатын.
Қазіргі кезде Шетел азаматтары тарапынан ЖСН алушылар қатары азаюына орай, 08 қарашадан бастап Алматыда ашылған күшейтілген ХҚО жабылды.
Енді шетелдіктер ЖСН алу үшін кез-келген ХҚО-ға немесе "Банк Центр Кредит" бөлімшелеріне жүгіне алады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через