Ұлттық ұланда QR-код арқылы анононимді шағым түсіруге болады

Ұлттық ұланда QR-код арқылы анононимді шағым түсіруге болады

фото: https://pixabay.com/

Жүйе арқылы жеке құрам арасындағы келіспеушіліктер туралы хабарлауға мүмкіндік бар

ULAN SENIM жүйесі бойынша пилоттық жобаны Алатау қаласындағы 6654 әскери бөлімінде бастады. Жаңа қызмет Aitu мессенджері негізінде жұмыс істейді. QR-кодты сканерлеу арқылы қолбасшылыққа анонимді түрде өтініш жолдауға болады.

"Әскери қызметші өтініш санатын таңдап, мәселенің мән-жайын жазады да, қосымша арқылы жолдайды. Жүйеге түскен өтінішке бірегей нөмір беріліп, тиісті шаралар қабылдау үшін қолбасшыға жіберіледі. Әр өтінішті қарауға үш күн уақыт беріледі", - дейді мамандар.

Жүйе арқылы жеке құрам арасындағы келіспеушіліктер туралы хабарлауға мүмкіндік бар. Жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныс та жіберуге болады. Мәселен, ұландықтар күн тәртібіне өзгеріс енгізуді, демалыс күндерін ұйымдастыруды немесе сарбаздар асханасының мәзірін жаңартуды ұсына алады.

ULAN SENIM жүйесінде анонимді өтініш жолдаудан бөлек оның мәртебесін бақылау және бұрын жіберілген өтініштердің тарихын көру бөлімдері қарастырылған.

Сынақ кезінде платформаның функционалдық мүмкіндіктері тексеріліп, өтініштерді жолдау, тіркеу және қарау, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау тетіктері пысықталады. Осыдан кейін оны Ұлттық ұланның барлық әскери бөлімінде енгізу мәселесі қарастырылады.

Дерек көзі: https://sputnik.kz

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!

Сондай-ақ оқыңыз

Жазылу
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз