Шынайы өмір

Бөлісу

Шетелдегі қандастар туралы тарихи кітаптың тұсауы кесілді

  Шетелдегі қандастар туралы тарихи кітаптың тұсауы кесілді

Алматыда «Сарбас шежіресі» деп аталатын тарихи-деректі, танымдық шежіре кітаптың тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге республиканың әр түкпірінен тарихшы, ғалым, ақын-жазушылар қатысып, түрлі баяндама жасады.

Аталған шараға Швеция, Франция, Түркия, Қытай елдерінде тұратын қандастарымыз да онлайн қатысып, өздерінің жүрекжарды лебізін білдіріп, сәлем жолдады.

Кешке жиналған көпшілік қазір ұмыт бола бастаған байырғы қазақтың қисса-дастан оқу мәнеріне куә болды.

Аталмыш кітапқа тарихшы, ғалым Жамбыл Артықбаев, Серік Мұстафаұлы, Қажымұрат Төлегенұлы, жазушы Әпетай Мұқарапұлы, Жәди Шәкенұлы сынды қаламгерлердің ғылыми мақалалары, зерттеу еңбектері енген.

Кеш соңы әсем ән мен тәтті күйге кезек беріп, концерттік бағдарламаға ұласты.

Жаңа кітапта әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашылған қандастарымыз туралы соны мәліметтер айтылған.

Осындай деректердің бірі қазақтың екінші Бейбарыс сұлтаны атанған Абдолла қажы Сарыұлы Әл-Бұқари туралы жазылған.


Абдолланың өз есімі - Шәкен Сарыұлы. 1927 жылы Қытайдағы өр Алтайдың Шіңгіл ауданында туған.

1940 жылы қазақты қынадай қырған Мафуфаңның талауына түсіп, 13 жасында туған елінен айырылып, саудагер ұйғырға сатылып кеткен.

1941 жылы сол ұйғырмен бірге Сауд Арабиясына барып, сонда қалған. 1942 жылдан бастап Мекке қаласындағы жетім балалар үйінде тәрбиеленген.

1946 жылы Мекке қаласындағы Мемлекеттік әскери университетке қабылданады.

Кейін шекара қорғаныс армиясында, шекара қорғанысының есірткімен күрес бөлімінде маңызды қызметте болады.

Өткен ғасырдың 70-жылдары Мекке қаласының әкімі міндетін 10 жылға таяу атқарғаннан кейін Сауд патшасының көмекшісі, уәзірі қызметіне дейін көтерілген.

Сонымен бірге түркі, қазақ жұртына танымал қажылардың қамқоры, Моңғолиядағы Баянөлгей орталық мешітін салдырған ұлтшыл азамат.

Шәкен қажы Сарыұлы 2000 жылы Сауд Арабиясының Жидда қаласында 73 жасында дүниеден өтті.



Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через