фото: Спортты дамыту дирекциясы
Ұлттық құрама спортшысы Сергей Петрович (89 кг) Таиландтың Пхукет қаласында өтіп жатқан лицензиялық Әлем Кубогының С тобында топ жарды.
ҚР Спортты дамыту дирекциясы мәлім еткендей, Сергей қазір Олимпиада лицензиясынан үмітті жалғыз қазақстандық зілтемірші. Бүгін оның жұлқа көтерудегі көрсеткіші - 167 кг. Бұл осы топтағы ең жақсы нәтиже.
Ал серпе көтеруде 196 кг бағындырып, қоссайыста 363 кг нәтиже көрсетті. Екінші орынға кубалық Олфидес Саес (160 +200 кг), 3-орынға қырғызстандық Эмиль Молдодосов (160+187) жайғасты.
Бұл салмақтағы Олимпиада жолдамасының иегерлері ертең А және В тобының сайысы аяқталған соң белгілі болады.
Таиландтағы Әлем Кубогында Ұлттық құрама сапынан тағы Айсамал Сансызбаева (+87 кг) мен Сұлтан Мейрам (109 кг) шығады.
Айта кетейік, аталған сында әйелдер арасында 49 келі салмақта Айнұр Әбдіхалықова, 59 келі салмақта Дарья Балабаюк, +87 келіде Айсамал Сансызбаева ел намысын қорғап жатса, ерлер арасында 55 келіде Ерназ Алпысов, 89 келіде Сергей Петрович және 109 келі салмақта Мейрам Сұлтан сынға түсуде.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через