Шахматтан ел құрамасы ерлеп тұр!
Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы бесінші ойынын өткізді.
Қазақпараттың мәліметіне қарағанда қазақ қыздары бұл жолы да жеңіске жетті.
Ерлер құрамасы Латвияны 4:0 есебімен сүріндірді. Еліміздің атынан сынға түскен Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербектің барлығы жеңіске жетті.
Олар бұған дейін Ливанды 4:0, Қытай Тайбейін 3:1, Марокконы 2,5:1,5 есебімен жеңіп, Тәжікстанға 1,5:2,5 есебімен есе жіберіп қойды.
Еліміздің қыздар құрамасы бесінші кездесуінде Кубадан 3:1 есебімен басым түсті. Құрама сапында Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева ойын көрсетті.
Олар бұған дейін Перу мен Бельгияны 3:1, Гватемаланы 4:0 жеңіп, Моңғолиямен 2:2 есебімен тең түсті.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через