Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді

Шахматшы Бибісара Асаубаева әлем чемпионын жеңді
фото: chessbase.in

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Grand Swiss 2023 турнирінде қытайлық Тан Чжунъиді жеңді. Бұл туралы Standard.kz gjhnfks  Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Асаубаева осы жеңісінің арқасында 4,5/5 ұпай жинап, жарыста көш бастады. Айта кетейік, Чжунъи – әйелдер арасындағы он алтыншы әлем чемпионы.

«Мен турнир кестесіне мән бермеуге тырысамын: ойнай білгенімше ойнаймын. Бірақ бүгінгі ойын ерекше болды. Оның бірнеше жүрісінен кейін жағдайым нашарлады деп ойладым, бірақ қалай екенін түсінбедім. Сондықтан мен «окей, егер сен осылай жүрсең, маған әрі қарай не болатынын көрсет» деп ойынымды жалғастыра бердім. Кейін жағдайым қалыпты екенін ұқтым – ақылға қонымсыз, бірақ қалыпты. Сағатта аз ғана уақыт қалғанда тек ең жақсы жүрісті іздеуге тырыстым», – деді Асаубаева ойыннан кейін.