фото: https://sputnik.kz
Сарыағашта бойжеткен жалған чекті көрсетіп, 300 мың теңгенің алтынын алып кетті
Күдікті жымқырған алтынды ломбардтардың біріне өткізіп жібергені анықталды.
Түркістан облысының Сарыағаш аданында бойжеткен жалған чекті көрсетіп, сатушыны алдап кеткен.
Сатушы әйелдің айтуынша, одан белгісіз бойжеткен құны 300 мың теңге тұратын алтын білезікті сатып алып, ұялы телефон арқылы ақшаның төленгені туралы чекті көрсеткен.
Кейіннен сатып тұрған тауарының ақшасы түспегеннен кейін, жәбірленуші әйел Сарыағаш аудандық полиция бөліміне арызданған. Аталған жайтты тәртіп сақшылары Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді.
Сарыағаштың тәжірибелі полицейлері дереу күдіктіні ұстауға кірісті. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде күдікке ілінген жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді.
Күдікті бойжеткен жымқырған алтынды ломбардтардың біріне өткізіп жібергені анықталды. Полицейлер алтынды заңды иесіне қайтарды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через