Сақтансаң, сақтайды!

Сақтансаң, сақтайды!
     Қауіпсіз пиротехниканы қалай таңдауға болады және отшашуды сатып алғанда нені ескеру керек

           Барыс 2022 Жаңа жылдың келуіне де санаулы күн қалды. Мерекені қарсы алуға тиісті дүниенің ішінде отшашу да жүреді. Тіпті кей жан 31-нен 1-не қараған түнді салютсіз елестете алмайды. Сол әңгіме еткелі отырған отшашу — сақтық шараларын талап ететін зат. Сол себепті Standard.kz  пиротехника бұйымдарын қауіпсіз қолдануға қатысты бірнеше кеңес ұсынады.

     1. Пиротехниканы қалай таңдауға болады

            Ең бірінші пиротехника тұтыну үшін нені білгеніңіз жөн, "хлопушка", салют, фейерверк сынды отшашуды сатып алар алдында сатышудан өнім сертификатының бар-жоғын білу керек.  Сертификаты болмаған өнім  адам өміріне қауіпті. Өнімнің атауы, өндіруші елі, өндірушінің мекен-жайы, шығарушының тауар белгісі, пайдалану мерзімі, тауар белгісі,  анық емес бұйымды сатып алуға болмайды. Сондықтан  техникалық регламенттер мен санитарлық ережелермен белгіленген талаптарды сақтауыңыз қажет.

            Көңіліңізге күмән туғызатын сату орыннан (базар, дүңгіршек) пиротехниканы мүлдем алмаңыз. Арзанға қызығамын деп, қауіпті әрі зиян затқа кезігуіңіз мүмкін.

           Түрлі отшашуды сатып алар алдында ормасының құрғақтығына мән беріңіз, сондай-ақ, бүліну іздеріне, жыртылып, сынып қалмағанына көз жеткізіңіз.

      2. Сақтау орынға мән беріңіз

           Салют, фейерверк бұйымдарын өзінің дүкеннен алғандағы түпнұсқа орамында құрғақ жерде сақтау керек.  Тез тұтанатын (газ пештің түбіне, жылытқыш құралдарының жанына температурасы жоғары (30°С градустан артық) үй-жайда сақтауға мүлдем болмайды. Сонымен қатар, ұзақ мерзім автокөлікте тасып болмаса  киімнің қалтасына салып жүруге қатаң тыйым салынады.

      3. Қолдану тәсілі
      Пиротехниканы қолдану  кезінде мына ережелерді ескерген жөн:
  • Әр отшашудың ережесі әртүрлі болғандықтан әуелі ол заттың нұсқаулығын оқып шыққаны абзал.
  • Отшашуды атуға қолданатын аймақ кең, әрі ашық болуы керек.  50 метр радиуста ағаш, құрылыс, автотұрақ, ғимарат және басқа өрт қаупі болуы мүмкін объекті болмағаны дұрыс.
  • Кез-келген салюттің от өткізгіш жібі болады. Тұтандырмас алдында сол жіпті алдын-ала босатып, дұрыстап орналастырып алу қажет.
  • От қоймас бұрын ол заттың жоғарғы жағына және жанып жатқан элементтердің қайдан ұшатынына көз жеткізу қажет. Отшашуды  ғимаратқа, адамға,жан- жануарға қарата бағыттап атуға тыйым салынады.
  • Отшашуды тамашалаушылар ұшыру алаңынан 35-50 метр  қашықта тұруы керек.
  • Пиротехника бұйым жанып болған соң кем дегенде 5 минут оған жақындауға, еңкейіп қарауға болмайды.
  • Пайдаланылған пиротехниканы  екінші рет  қайта қолданбау қажет.
  • Бұйымды отқа тастауға, басуға, лақтыруға, ұруға болмайды.
      4. Жарамдық мерзімі

Кез-келген пиротехниканың жарамдық мерзімі болады. Уақыты өтіп кеткен өнімді сақтауға еш болмайды. Тарсылдақ "хлопушкалар" орта есеппен 3 жыл, салют - 3-5 жыл, фейерверк - 1-5 жыл сақталады. Есіңізде болсын әр пиротехника бұйымының нақты жарамдылық мерзімі қорабында жазылып тұрады.

      5. Қолдануға болмайды
  • торт шырақтары мен бенгаль отшашуынан басқасын үй-жайда, кез келген ғимарат ішінде;
  • жаңа жыл мерекесіне арналған дастархан үстінде;
  • электр желілеріне жақын маңда қолдануға болмайды.
  • Салют, фейерверк, "хлопушка" сияқты пиротехника бұйымдарын 14 жасқа дейінгі балаларға өз бетімен қолдануға болмайды. Сонымен бірге мас күйдегі адамның пайдалануына тыйым салынады.
  • Сонымен бірге дауыл, жел кезінде пиротехника бұйымын пайдалануға тыйым салынады.
      6. Статистика бойынша

            Алматы шаһарында жыл сайын жаңа жыл мерекелерінде 10-15 өрт болады (31 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейінгі аралықта). Ал өрттің жалпы санының 30%-і пиротехника бұйымдарын дұрыс қолданбау салдарынан туындайды.

           Жаңа 2022 жылды қауіпсіз өткізу үшін қарапайым ғана ережеледі орындау арқылы өзіңізді және отбасыңызды қауіп-қатерлерден сақтай аласыз