«ШАЛ МЕН ТЕҢІЗ» қойылымының премьерасы

«ШАЛ МЕН ТЕҢІЗ» қойылымының премьерасы

       Алматы мемлекеттік қуыршақ театры сахнасында американдық жазушы Эрнест Хемингуэйдің үздік туындыларының бірегейі – «Шал мен теңіз» шығармасы тұңғыш рет қуыршақ бейнесінде тіл қатпақ. Әлем әдебиетінде үздік шығармалар қатарында өзіндік жаңаша бағыты мен астарлы тақырыптарды қамтыған аталмыш туындының ең басты ерекшелігі – қуыршақ образдарының жиынтығында.

     Қойылымның режиссері және инсценировка авторы қазіргі таңда өзгеше қолтаңбасымен, терең астарлы да шынайы образдарымен, күрделі де көркем шешімдерімен көптің көзайымына айналып,  театр майталмандары мен сыншыларының жоғары бағасына ие болып жүрген жас та талантты режиссер, қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі  Дина Жұмабай.Суретшісі:Юлия Чернова. Хореографы: Анна Цой.

       Қойылымның ұзақтығы: 1 сағат, 30 минут. Жас ерекшелігі: 16+. Жанры: аңыз.

       Байланыс нөмірлері: 8 (727) 222 20 10, 8 777 128 94 18