Осы жылдың қыркүйегінен бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 31 мың теңгеден сәл асады, ал магистранттар шамамен 76 мың теңге алады.
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов биыл стипендия мөлшері қалай өзгеретінін айтты.
Министр күзден бастап студенттер мен магистранттардың, докторанттардың шәкіртақысы көбейетінін атап өтті.
"Осы жылдың қыркүйегінен бастап бакалавриат бойынша стипендия мөлшері 31 мың теңгеден сәл асады, магистранттарда 15 процентке өседі, шамамен 76 мың теңге. Докторантура бойынша да осындай өзгерістер бар. Жалпы соңғы бір жарым жыл ішінде докторанттардың стипендиясы 82 процентке өсті. Бірақ соған қарамастан олар қыркүйектен бастап қазіргідей 150 мың теңге емес, 172 мың теңге алады деп жоспарлануда", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, 2025 жылға дейін стипендия мөлшері жыл сайын арта береді. Сонымен қатар министр 2025 жылға дейін гранттар саны да ұлғайып, 75 мың орынға жететінін айтты.
Биылдың өзінде гранттар саны 5 мың орынға көбейеді. Яғни егер жыл сайын бакалавриатқа 51 мың грант қарастырылса, осы жылы 56 мың орын болады.
https://sputnik
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через